---
title: "Әйелдерге арналған бағдарламаға ерлер қажет..."
description: "Тележұлдыз болғыңыз келе ме? Міне, оның ең оңтайлы сәті түсіп тұр. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында..."
author: "Akparat"
published: "2013-12-18T12:10:20+00:00"
modified: "2013-12-18T12:26:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yelderge-arnal-an-ba-darlama-a-erler-azhet-391236"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yelderge-arnal-an-ba-darlama-a-erler-azhet-391236/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әйелдерге арналған бағдарламаға ерлер қажет...

> Тележұлдыз болғыңыз келе ме? Міне, оның ең оңтайлы сәті түсіп тұр. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында...

Тележұлдыз болғыңыз келе ме? Міне, оның ең оңтайлы сәті түсіп тұр.

![Әйелдерге арналған бағдарламаға ерлер қажет...](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/MCycG7nG51zYd07Um7puYZofb84ii3.jpg)

**«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасы кастинг жариялайды.**

**

![Әйелдерге арналған бағдарламаға ерлер қажет...](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/30IQR4sYPHLv8cgYglq0Zzvz8hqev5.jpg)

**

**Жаңа жылдан бастап бағдарлама жаңа форматпен шығатын болғандықтан, жүргізушілікке ер-азамат қажет.**

Жасы 35-тен асқан ер-азаматтардың өз мүмкіндігін сынап көруіне болады. Кастинг 18 желтоқсаннан бастап, сағат 14:00-де Астана қаласы, Д.Қонаев көшесіндегі 4 үйде, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өтеді.

**Редакция телефоны: 8 (7172) 55-33-86, 55-38-24, 55-32-86.**

**

![Әйелдерге арналған бағдарламаға ерлер қажет...](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/16ipNUMQWxpKVwCJbG1tg6d42vlkyy.jpg)

**

**«Әйел бақыты»** - дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 14:55-те тікелей эфирде шығатын бағдарлама. Бұл ток-шоуға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болады. Сонымен қатар, бағдарламада бүгінгі қоғамдағы әйелдерге қатысты проблемалар талқыланады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yelderge-arnal-an-ba-darlama-a-erler-azhet-391236](https://yvision.kz/kk/post/yelderge-arnal-an-ba-darlama-a-erler-azhet-391236)