---
title: "Әйелдер футболынан әлем чемпионы анықталды"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — АҚШ командасы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионы атанды. Канаданың Ван..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-07T01:55:18+00:00"
modified: "2015-07-07T01:55:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yelder-futbolynan-lem-chempiony-any-taldy-519270"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yelder-futbolynan-lem-chempiony-any-taldy-519270/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әйелдер футболынан әлем чемпионы анықталды

> АСТАНА. ҚазАқпарат — АҚШ командасы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионы атанды. Канаданың Ван...

# [!\[\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150706114328-300x183.png)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150706114328.png)

АСТАНА. ҚазАқпарат — АҚШ командасы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионы атанды. Канаданың Ванкувер қаласында өткен финалдық ойында америкалықтар 5:2 есебімен Жапония құрамасын жеңді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Құрама штат футболшылары қарсыластарының қақпасына ойынның алғашқы 15-минутында төрт голды қатарынан кіргізді.

Бұл әлемдік біріншілік тарихында АҚШ әйелдер құрамасының үшінші, 1999 жылдан бастап бірінші жеңісі.

Әйелдер арасындағы футбол бойынша алғашқы әлем чемпионаты 1991 жылы өткен, содан бері 4 жылда бір рет өткізіліп келеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yelder-futbolynan-lem-chempiony-any-taldy-519270](https://yvision.kz/kk/post/yelder-futbolynan-lem-chempiony-any-taldy-519270)