---
title: "«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды"
description: "Бүгінге дейін «Әйел бақыты» ток-шоуы көрерменге түрлі тақырыптағы өзекті мәселелердің шешімін табуғ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-24T00:44:31+00:00"
modified: "2015-08-24T00:44:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-zha-a-mausymyn-bastaydy-532414"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-zha-a-mausymyn-bastaydy-532414/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды

> Бүгінге дейін «Әйел бақыты» ток-шоуы көрерменге түрлі тақырыптағы өзекті мәселелердің шешімін табуғ...

Бүгінге дейін «Әйел бақыты» ток-шоуы көрерменге түрлі тақырыптағы өзекті мәселелердің шешімін табуға тырысып келді. Студияда түрлі тағдыр иесі жүрек түбіндегі сырымен бөлісіп, сарапшы-мамандардың кеңесін тыңдады.

![«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/K256S0Y1Q48eN7AnTZzfj0R4b2kVTi.jpg)

Талай ел ағасы хабардың қадірлі қонағы болып, жұлдыздар да дәл осы студияда жаңалықтарымен бөлісті.

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» жаңа маусымының тұсауын кеспек. Сүйікті хабарынан көрермен қандай өзгеріс күтеді? Студияда жазда шаңырақ көтерген жастар. Жаңа маусымның шымылдығын жаңа отбасы ашады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-zha-a-mausymyn-bastaydy-532414](https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-zha-a-mausymyn-bastaydy-532414)