---
title: "«Әйел бақыты» ток-шоуына 1 жыл!"
description: "«Әйел бақыты» - Қазақстандағы әйелдердің ең танымал ток-шоуына 1 жыл толды. Бұл аруларымыздың жан д..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-09-14T22:45:00+00:00"
modified: "2014-09-14T22:49:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-tok-shouyna-1-zhyl-429284"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-tok-shouyna-1-zhyl-429284/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Әйел бақыты» ток-шоуына 1 жыл!

> «Әйел бақыты» - Қазақстандағы әйелдердің ең танымал ток-шоуына 1 жыл толды. Бұл аруларымыздың жан д...

**«Әйел бақыты» - Қазақстандағы әйелдердің ең танымал ток-шоуына 1 жыл толды.**

****

Бұл аруларымыздың жан дүниесімен бөлісіп, басына түскен қиындығын ашық айтуға мүмкіндік беретін айрықша жоба. Бағдарламаға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалар арқау болды.

12 қыркүйек күні «Әйел бақытына» 1 жыл бойы қатысқан адамдар мен тұрақты көрермендер бағдарламаның жылдық қорытындысы шығарды.

![«Әйел бақыты» ток-шоуына 1 жыл!](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/7YJJh86uLVXbxPtxBWv458a7FeGwLk.jpg)

Ал студияда мерекелік торот әзірленді.

![«Әйел бақыты» ток-шоуына 1 жыл!](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/szm8HznO33uBVm8jNE4KAS35LO5hf4.jpg)

Естеріңізге сала кетейік, 1 жыл ішінде 224 бағдарлама әзірленіп, эфирге шықты. 500-ден астам кейіпкер студияда тікелей эфирде жасандылықтан алшақ шынайы әңгімесін баяндап, басым көпшілігі сарапшы мен көрермендердің көмегіне жүгініп, қордаланған мәселелерін шешуге мүмкіндік алды. Студияға келген қыз-келіншектердің әрбір төртіншісі нәтижесінде тұрмыс құрып, өз жолын тапса, әрбір үшіншісі қызметте өсу жолын айқындады.

![«Әйел бақыты» ток-шоуына 1 жыл!](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/4Ls9og78W6hw6YU68FSOw8K3WX1R98.jpg)

Студияда біршама эксклюзивті сұхбат та ұйымдастырылды. Мысалы, Қарақат пен Қыдырәлі Болманов төртінші балаларын тұңғыш рет тікелей эфирде «Әйел бақыты» бағдарламасы арқылы ел алдына таныстырса, Наураз айы мерекесінде құрт жасаудан тікелей эфирде рекорд орнатылды. Танымал дизайнер Фариза Сұлтан мен әнші, продюсер Сиви Махмуди эксклюзивті авторлық көйлектерін мектеп бітіру кеші қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен ана мен бойжеткенге тарту етті. Халық әртісі Роза Рымбаева тұңғыш рет студияда тікелей эфирде ас мәзірін жайғастырды.

Дүйсенбі күнгі эфир ана мен бала күтімі, денсаулық, жүктілік, бала тәрбиесіне, сейсенбілік саны отбасылық өмір, қарым-қатынас, некедегі адалдық, ерлі-зайыптылардың түсіністігіне, сәрсенбі күн әйелдер құқығына, бейсенбі қыз тәрбиесі, бүгінгі қазақ қызының келбетіне, жұма күнгі хабар танымды тележурнал болып ақпараттар топтамасына арналады.

Дүйсенбі мен жұма аралығында «Қазақстан» ұлттық арнасында 15.05-те тікелей эфирде қыз-келіншектердің сырт келбетімен қоса жан-дүниесіне арналған бірегей бағдарламаны жіберіп алмаңыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-tok-shouyna-1-zhyl-429284](https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-tok-shouyna-1-zhyl-429284)