---
title: "«Әйел бақыты»: отбасы әлде мансап?"
description: "Әйел – ибалы қыз, инабатты келін, қадірлі қарындас, аяулы ана, ақ жаулықты әже. Сонымен қатар, әйел..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-10-05T22:57:00+00:00"
modified: "2014-10-05T22:58:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-otbasy-lde-mansap-432636"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-otbasy-lde-mansap-432636/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Әйел бақыты»: отбасы әлде мансап?

> Әйел – ибалы қыз, инабатты келін, қадірлі қарындас, аяулы ана, ақ жаулықты әже. Сонымен қатар, әйел...

*Әйел – ибалы қыз, инабатты келін, қадірлі қарындас, аяулы ана, ақ жаулықты әже. Сонымен қатар, әйел «бизнес-вумен» де бола алады. ХХІ ғасырда мансап қуған әйел – жаңалық емес. Үй шаруасын да, қызметті бірдей алып жүрген жақсы.*

**

![«Әйел бақыты»: отбасы әлде мансап?](http://storage.yvision.kz/images/user/red13/t64qWink6PemvHZP3Qc9v76m2hv5x2.png)

Әйел – жар да, келін де, ана да және жақсы қызметкер, үздік басшы да бола алады.

![«Әйел бақыты»: отбасы әлде мансап?](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/OES0xP2CK5O3hIMYE6K6F88VBUCqex.jpg)

Барлығын өте жақсы, тіпті, кейбір еркектер қауымынан әлдеқайда артығырақ атқара алады десек, әсірелегеніміз емес. Олармен бәсекеге де түсіп жүрген қазақтың қаракөздерін өзіңіз де көріп жүрген боларсыз.

![«Әйел бақыты»: отбасы әлде мансап?](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/9H7Br5wySoa36a0687p8DYC0bEy85F.jpg)

Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен – әлемді тербетеді. Ол бүгінгі қоғам талабы. Қай жыныс болмасын, өз белсенділігі мен іскерлігін ортаға салып, елге деген сүйіспеншілікпен беріле жұмыс атқарса, нұр үстіне нұр болары анық.

![«Әйел бақыты»: отбасы әлде мансап?](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/j4El9nJBbRuh70Jq7kZKa0r6J36iRo.jpg)

Бірақ, осы мансапқұмарлық отбасы берекесіне қалай әсер етеді? Мансапқұмар әйелдер арасындағы бәсеке қандай? Әріптестер арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуінен қызметте қиындық көрген кейіпкер бүгін **15.05**-те **«Әйел бақытында»** қонақта.

![«Әйел бақыты»: отбасы әлде мансап?](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/gfWLMXGkF9WrC0YfEdoD2j42fD3Xpc.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-otbasy-lde-mansap-432636](https://yvision.kz/kk/post/yel-ba-yty-otbasy-lde-mansap-432636)