---
title: "Үйде сияқты"
description: "Тимо. Шын аты өте ұзын, үш-төрт тегі бар. Жиырма жасар. Жартылай неміс, жартылай поляк. Есі бар, ақы..."
author: "pheeria"
published: "2012-01-23T04:17:43+00:00"
modified: "2012-01-23T04:17:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yde-siya-ty-221887"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yde-siya-ty-221887/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үйде сияқты

> Тимо. Шын аты өте ұзын, үш-төрт тегі бар. Жиырма жасар. Жартылай неміс, жартылай поляк. Есі бар, ақы...

Тимо. Шын аты өте ұзын, үш-төрт тегі бар. Жиырма жасар. Жартылай неміс, жартылай поляк. Есі бар, ақылды жігіт. Бес тіл біледі.

Таныстық, сөйлесіп келе жатырмыз. Қызық-қызық сұрақтар сұрауда. Енді екі бөлек мәдениет өкіліміз ғой. Шамам жеткенше жауаптауға тырысамын. Әңгіме Исламға дейін де жетті. Орташа еуропалықтан көбірек мәліметке ие екен. Азаңшы деген сөзді де біледі. Швейцария және бүкіл Еуропаның мұсылмандармен кейде болатын қақтығыстарды талқылай бастадық. Оның пікірі бойынша, шетелдіктер келсін, қаласа - оқысын, жұмыс істесін. Қаласа - арнайы кварталдар құрсын, мешіттер салсын. Бірақ, дейді ол, кейбір нәрселерді сұрап жасасын - яғни, жергілікті халық азаң естуді қаламаса, азаң оқылмасын. Өйткені, бұл мұсылмандарға қарсы агрессия әлде жеккөрушілік емес, бұл тек қана өмір тәртібіндегі айырмашылықтар - еуропалықтарға азаң есту жат нәрсе. Және, маған ең әсерлі болған сөзі: "Еуропалықтар тек қана өздерін, өз жерлерінде ҮЙДЕ СИЯҚТЫ сезгілері келеді". Келіспеу қиын шығар?

Сол сөз әлі есімде. Шынымды айтсам, біздің мәселелерге де қолдансам болар - Қазақстанда жұрт қазақша сөйлемегенше маған өзімді ҮЙДЕ СИЯҚТЫ сезіну қиынға соғар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yde-siya-ty-221887](https://yvision.kz/kk/post/yde-siya-ty-221887)