---
title: "Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету"
description: "Үйде қызмет көрсету ұйымдары болып алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайынд..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2021-05-17T11:49:34+00:00"
modified: "2021-05-17T11:49:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yde-arnauly-leumettik-yzmet-k-rsetu-935231"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yde-arnauly-leumettik-yzmet-k-rsetu-935231/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

> Үйде қызмет көрсету ұйымдары болып алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайынд...

Үйде қызмет көрсету ұйымдары болып алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, өзге де ұйымдар танылады.

Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер тәуліктің күндізгі уақытында ұсынылады:

1) үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға:

жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы түзету білім беру ұйымдарының (мектеп-интернаттардың) арнайы (қосалқы) сыныптарында оқуды қиындататын (бөгде адамның көмегінсіз қозғалмайтын, жеке күтімді талап ететін қозғалыс бұзылыстарының ауырлығына байланысты өзіне қызмет көрсетпейтін адамдар), есту, көру, сөйлеу қабілетінің айқын білінуімен, құрысу ұстамаларымен, мінез-құлқының бұзылуымен асқынған қозғалыс функцияларының өрескел бұзылулары болған кезде;

ауыр және терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;

мидың органикалық зақымдануынан кейінгі ақыл-есі кемдігі;

2) екінші және үшінші дәрежелі өз бетінше жүріп-тұруды және өзіне-өзі қызмет көрсетуді шектеуге әкеп соққан, тірек-қимыл аппараты айқын білінетін немесе айтарлықтай (өрескел) білінетін бұзылулары бар мүгедек балаларға беріледі.

Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға үйде қызмет көрсету үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы:

тұлғаның айқын кемістігі жоқ өнімді белгілері бар шизофрения;

кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі өрескел психопатиялық симптоматология;

балалар мен айналадағылар үшін қауіпті, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылуымен қатар жүретін психикалық аурулар;

процестің белсенді сатысындағы туберкулез, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖҚТБ;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулар;

3) үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдарға:

жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде қозғалыс функцияларының өрескел бұзылуы болған кезде (бөгде адамның көмегінсіз қозғалмайтын, қозғалыс бұзылыстарының ауырлығына байланысты өзіне қызмет көрсетпейтін, жеке күтімді талап ететін адамдар);

ауыр және терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;

жедел психотикалық симптомдардың болмауымен, деменцияның немесе психикалық ақаудың өрескел көріністерінің болуымен сипатталатын психикалық аурулардың ұзаққа созылған түрлері;

деменция құбылыстарымен бас сүйек-ми жарақаттарының салдары;

деменция құбылыстары бар бас миының инфекциялық және басқа да органикалық ауруларының (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми мерезі және бас миының басқа да инфекциялық және органикалық аурулары) салдарлары;

ауыр деменция құбылыстарымен созылмалы алкоголизмнің салдары;

айқын көрінетін психомоторлық мазасыздықсыз және өзгерген сананың ұзақ немесе қайталанатын жағдайларынсыз ақыл-есінің кемуі құбылыстары бар тамырлы және сенильді аурулар;

эпилепсияның әр түрлі формалары деменциямен және айына төрт реттен артық емес ұстамалармен және эквиваленттермен.

Он сегіз жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсету үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы:

процестің белсенді сатысындағы туберкулез, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, венерологиялық аурулар, ЖҚТБ;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулар;

жіті және жітілеу сатыдағы психикалық аурулар;

созылмалы психикалық аурудың өршу жағдайы;

көрсетілетін қызметті алушының өзі және айналасындағылар үшін қауіпті, айқын көрінген психотикалық симптоматикамен, дөрекі тартылу бұзылыстарымен және мінез-құлқының бұзылуларымен сипатталатын психикалық аурулар, атап айтқанда: мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін, жиі декомпенсациялармен аурудың асқынуына немесе қайталануына бейімділігі бар кез келген ұстамалы немесе прогредиентті ағымды психикалық аурулар;

эпилепсия және басқа этиологиядағы құрысу синдромы, жиі (айына бес реттен көп) ұстамалар, сериялық ұстамаларға бейімділік, эпилептикалық мәртебе, сана-сезімнің ымырт күйі, дисфория;

созылмалы алкоголизм, нашақорлық, созылмалы алкоголизммен немесе нашақорлықтың кез келген түрімен асқынған басқа да психикалық аурулар;

әр түрлі генездегі айқын депрессиялық және маникалық күйлер, ұзаққа созылған реактивті күйлер;

айқын білінетін психопатиялық синдромдар, эксплозивті, параноидті, паранойялық, истерикалық психопатиялар;

4) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз және денсаулық жағдайы бойынша үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 131-бабы бойынша өз ата-анасын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары (жұбайы), объективті себептер бойынша оларға тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын (егде жасына байланысты бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық аурулары бар, бас бостандығынан айыру орындарында жүрген немесе елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұратын) азаматтар жатады.

Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету үшін белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, психикалық аурулардың (невроздарды, соматикалық аурулар кезіндегі невроз тәрізді жай-күйді, дебильділіктің жеңіл дәрежесін, әртүрлі этиологиядағы құрысу синдромдарының сирек кездесетін (2-3 айда бір реттен артық емес), ақыл-есі кем және жеке басының айқын өзгерістерінсіз), карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тың, сондай-ақ, мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін жағдайларда жүргізіледі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу кезінде медициналық – әлеуметтік сараптама мамандары "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығын (03.03.2021 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) басшылыққа алады.

***

Организациями надомного обслуживания признаются отделения социальной помощи на дому, иные организации, предназначенные для оказания специальных социальных услуг в условиях оказания услуг на дому по месту жительства получателей.

Специальные социальные услуги в условиях оказания услуг на дому предоставляются в дневное время суток: 1) детям от полтора до восемнадцати лет, нуждающимся в оказании специальных социальных услуг в условиях оказания услуг на дому вследствие: умственной отсталости легкой и умеренной степеней, в том числе при наличии грубых нарушений двигательных функций, затрудняющих обучение в специальных (вспомогательных) классах специальных коррекционных организаций образования (школах-интернатах) (лица, не передвигающиеся без посторонней помощи, не обслуживающие себя в силу тяжести двигательных нарушений, требующие индивидуального ухода), осложненных выраженными нарушениями слуха, зрения, речи, судорожными припадками, расстройствами поведения; умственной отсталости тяжелой и глубокой степеней; слабоумия после перенесенных органических поражений головного мозга; 2) детям-инвалидам с выраженными или значительно (грубо) выраженными нарушениями опорно-двигательного аппарата, приведшими к ограничению самостоятельного передвижения и самообслуживания второй и третьей степени. Медицинскими противопоказаниями для оказания услуг на дому детям и детям с нарушениями ОДА являются наличие: шизофрении с продуктивной симптоматикой без выраженного дефекта личности; грубой психопатоподобной симптоматики в рамках любой нозологической принадлежности; психических заболеваний, сопровождающихся грубыми нарушениями влечения и расстройствами поведения, опасными для детей и окружающих; туберкулеза в активной стадии процесса, карантинных инфекций, заразных заболеваний кожи и волос, венерических заболеваний, СПИДа; других заболеваний, требующих стационарного лечения в специализированных медицинских организациях; 3) лицам старше восемнадцати лет, нуждающимся в оказании специальных социальных услуг в условиях оказания услуг на дому вследствие: умственной отсталости легкой и умеренной степеней, в том числе при наличии грубых нарушений двигательных функций (лица, не передвигающиеся без посторонней помощи, не обслуживающие себя в силу тяжести двигательных нарушений, требующие индивидуального ухода); умственной отсталости тяжелой и глубокой степеней; затяжных форм психических заболеваний, характеризующихся отсутствием острой психотической симптоматики, наличием слабоумия или грубых проявлений психического дефекта; последствий черепно-мозговых травм с явлениями слабоумия; последствий инфекционных и других органических заболеваний головного мозга (энцефалиты, туберкулезные менингиты, менингоэнцефалиты, сифилис мозга и другие инфекционные и органические заболевания головного мозга) с явлениями слабоумия; последствий хронического алкоголизма с явлениями выраженного слабоумия; сосудистых и сенильных заболеваний с явлениями слабоумия без выраженного психомоторного беспокойства и длительных или рецидивирующих состояний измененного сознания; различных форм эпилепсии с явлениями слабоумия и не более четырех раз в месяц судорожными припадками и эквивалентами. Медицинскими противопоказаниями для оказания услуг на дому лицам старше восемнадцати лет являются наличие: туберкулеза в активной стадии процесса, карантинных инфекций, заразных заболеваний кожи и волос, венерических заболеваний, СПИДа; других заболеваний, требующих стационарного лечения в специализированных медицинских организациях; психических заболеваний в острой и подострой стадии; состояния обострения хронического психического заболевания; психических заболеваний, характеризующихся выраженной психотической симптоматикой, грубыми нарушениями влечения и расстройствами поведения, опасными для самого получателя услуг и окружающих, а именно: любые приступообразные или прогредиентно текущие психические заболевания со склонностью к частым обострениям или рецидивам болезни с частыми декомпенсациями, нуждающиеся в стационарном лечении в специализированных медицинских организациях; эпилепсии и судорожного синдрома другой этиологии с частыми (более пяти раз в месяц) припадками, склонностью к серийным припадкам, эпилептическому статусу, сумеречным состоянием сознания, дисфориям; хронического алкоголизма, наркомании, других психических заболеваний, осложненных хроническим алкоголизмом или любыми видами наркоманий; выраженных депрессивных и маниакальных состояний различного генеза, затяжных реактивных состояний; выраженных психопатоподобных синдромов, психопатии эксплозивной, параноидной, паранойяльной, истерической; 4) инвалидам и престарелым лицам, достигшим пенсионного возраста, установленного пунктом 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", не способным самостоятельно себя обслуживать и нуждающихся по состоянию здоровья в оказании специальных социальных услуг в условиях ухода на дому, не имеющих трудоспособных совершеннолетних детей (супруга), обязанных по статье 131 Закона Республики Казахстан от 17 декабря 1998 года "О браке и семье" содержать своих родителей (супруга) и заботиться о них, или имеющих близких родственников, которые по объективным причинам не могут обеспечить им постоянную помощь и уход (в силу преклонного возраста, имеют инвалидность первой, второй групп, онкологические, психические заболевания, находятся в местах лишения свободы, или выехали на постоянное местожительство за пределы страны или проживают в другом населенном пункте). Медицинскими противопоказаниями для оказания услуг на дому инвалидам и престарелым являются наличие туберкулеза в активной стадии процесса, психических заболеваний (за исключением неврозов, неврозоподобных состояний при соматических заболеваниях, легкой степени дебильности, судорожных синдромов различной этиологии с редкими (не более одного раза в 2-3 месяца) припадками, без слабоумия и выраженных изменений личности), карантинных инфекций, заразных заболеваний кожи и волос, венерических заболеваний, СПИД, а также заболеваний, требующих лечения в специализированных медицинских организациях.

Стандарт оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения в условиях оказания услуг на дому (далее - стандарт) разработан в соответствии с Законами Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и от 29 декабря 2008 года "О специальных социальных услугах".

При разработке индивидуальной программы реабилитации для предоставления специальных социальных услуг на дому, специалисты медико – социальной экспертизы руководствуются Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 26 «О некоторых вопросах реабилитации инвалидов» (с изменениями и дополнениями от 03.03.2021 г).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yde-arnauly-leumettik-yzmet-k-rsetu-935231](https://yvision.kz/kk/post/yde-arnauly-leumettik-yzmet-k-rsetu-935231)