---
title: "Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы"
description: "Ы.Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында дүниеге келді. Биылғы жылы ұлы бабамыздың 180 жылдығы тойлануд..."
author: "terekty.nurotan.kz"
published: "2021-01-22T10:27:34+00:00"
modified: "2021-01-22T10:27:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ybyray-altynsarinny-180-zhyldy-y-918905"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ybyray-altynsarinny-180-zhyldy-y-918905/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы

> Ы.Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында дүниеге келді. Биылғы жылы ұлы бабамыздың 180 жылдығы тойлануд...

Ы.Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында дүниеге келді. Биылғы жылы ұлы бабамыздың 180 жылдығы тойлануда. Өз заманының беделді адамы, тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин қазақ елі үшін өшпес мұра қалдырды. Атасы Балғожа биден тағылымы мол, терең тәрбие алған Ыбырай жан жүрегімен баланы жақсы көре білген. Өнер-білімнің қандай жолға апаратынын, қандай мақсатқа жетелейтінін сол кезде түсінген дара ұстаздың қазақ балалары үшін ашқан әрбір мектебі балаларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тәрбиені де қоса бере білген. Қазақ қыздарына қамқорлық танытып, қыз балалар оқитын мектеп-интернатын да салғызды. Қазақ хрестоматиясы оқулығы қазақ балалары үшін таптырмас білім көзі, нәрі болды. Өлеңдері мен әңгімелері тәлім-тәрбиеге толы. Бұл шығармалардың әрқайсысы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, білімге, оқуға, қайырымдылыққа, адамгершілікке шақырады. Жазған әр әңгімесінде терең ой бар. Қазақтың жанашыры, елім, ұлтым деп соққан жүрегі қазақ балаларының ешкімнен кем болмауын, қазақ елінің басқа елдермен терезесі тең мемлекет болуын аңсаған. Арада қаншама жыл өтсе де Ы.Алтынсариннің аты мәңгіге, әр қазақтың жүрегінде, себебі ол бізді оқуға шақырып, қазақ балалары үшін мектеп ашып, бізді біріктіріп, қараң-ғылықтың не екенін біліп, күн сәулесіне көз ашып, білімнің не екенін түсіндірді, білімнің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ybyray-altynsarinny-180-zhyldy-y-918905](https://yvision.kz/kk/post/ybyray-altynsarinny-180-zhyldy-y-918905)