---
title: "Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық»"
description: "Өзім Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қызмет етемін. Сондықтан Ы...."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-02-02T04:11:25+00:00"
modified: "2022-02-03T11:03:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ybyray-altynsarin-kel-balalar-o-yly-960461"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ybyray-altynsarin-kel-balalar-o-yly-960461/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық»

> Өзім Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қызмет етемін. Сондықтан Ы....

Өзім Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қызмет етемін. Сондықтан Ы. Алтынсариннан бастауға жөн көрдім.

Ұлы ұстаздың, бізге таныс «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі, балаларды мектепке оқу-білім алуға шақыратын өлең деп білеміз, бірақта мына сөздерді оқысақ:

Надандықтын белгісі – Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай Ақ, қараны танымас.

Аяңшыл ат арымас, Білім деген қарымас. Жөн білмеген наданға Қыдыр ата дарымас.

Оқу білген адамдар Май тамызған қылыштан. Білмегенді білуге Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан.

қандай мағыналы сөздер, жақсы мен жаманды айырып көрсеткен ғибратты сөздер. Осы сөздертек қана кішкентайларға емес үлкендерге де үлгі, өмір мектебінде білім алатындай сөздер. Сондықтан мен Ыбырай атамыздың шығармаларын оқуға кеңес берер едім. Өлеңдері, әңгімелері шағын, мағынасы күрделі емес, бірден түсінікті. Жанұямен оқуға да болатын шығармалар.

Ал енді кітап шығаратын орындарға, баспада жұмыс жасайтын азаматтарға қазақ жазушылар, ақындардың осындай тәрбиелі, ғибратты шығармаларыншағын, көркем суретпен, балаларға жастарына сай кітаптар шығарса екен. Өйткені көбісі шығаратын кітаптар қалын кітаптар, олар саналы, кітап оқу деңгейі жоғарыоқырмандарға арналған.Жаңа бастап әріптерді үйреніп жүрген кішкентай оқырмандарымыз да бар ғой, немесе қазақ тілінде оқуға бастап жүрген ересек адамдарға шағын кітапшалар керек, осы ұсынысты ескеріп жүрсендер жақсы болады деп ойлаймын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ybyray-altynsarin-kel-balalar-o-yly-960461](https://yvision.kz/kk/post/ybyray-altynsarin-kel-balalar-o-yly-960461)