---
title: "Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды"
description: "Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 21-інші сатыда..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-09T23:41:52+00:00"
modified: "2013-06-09T23:41:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yaroslava-shvedova-wta-reytingisinde-21-inshi-satydan-t-sip-aldy-356748"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yaroslava-shvedova-wta-reytingisinde-21-inshi-satydan-t-sip-aldy-356748/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды

> Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 21-інші сатыда...

[!\[Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B52.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B52.jpg)

 

Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды. Бұл туралы Vesti.kz. жазады.

Францияның ашық чемпионатында («Ролан Гаррос») екінші айналымға жеткен отандасымыз аталмыш бәсекенің қорытындысы бойынша тізімнің 52-інші сатысына жайғасты.

Ал еліміздің тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева жеті сатыға көтеріліп, 91-інші орынды иеленді. Галина Воскобоеваның да жағдайы жақсарды. Спортшы тізімнің 123-інші сатысынан 94-ке көтерілді. Айта кеткен жөн, екі қазақстандық теннисші де «Ролан Гарростың» екінші айналымына өте алмады.

Ксения Первак екі саты төмен түсіп, 114-інші орынға тұрақтады. Ал Сесиль Каратанчева бірден 10 сатыға — 129-ға дейін «құлады».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yaroslava-shvedova-wta-reytingisinde-21-inshi-satydan-t-sip-aldy-356748](https://yvision.kz/kk/post/yaroslava-shvedova-wta-reytingisinde-21-inshi-satydan-t-sip-aldy-356748)