---
title: "Ұялы телефондар адам өмірінде қаншалықты маңызды?"
description: "Бүгін дене шынықтыру сабағында байқаусызда ұялы телефонымды жерге құлатып алдым. Экраны істемей қалд..."
author: "mudin"
published: "2016-04-18T10:11:47+00:00"
modified: "2016-04-18T10:11:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yaly-telefondar-adam-mirinde-anshaly-ty-ma-yzdy-689683"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yaly-telefondar-adam-mirinde-anshaly-ty-ma-yzdy-689683/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұялы телефондар адам өмірінде қаншалықты маңызды?

> Бүгін дене шынықтыру сабағында байқаусызда ұялы телефонымды жерге құлатып алдым. Экраны істемей қалд...

Бүгін дене шынықтыру сабағында байқаусызда ұялы телефонымды жерге құлатып алдым. Экраны істемей қалды. Дәл сол сәтте оның маған өте қажет екенін түсіндім. Бақандай 3 жыл ішінде жиналған естеліктер, өте маңызды ақпараттарым кетті де қалды. Шынымды айтсам, үйреніп қалған заттан айырылған өте қиын екен. Өткен-кеткен естеліктерімнен мәңгілік айырылып қалғандаймын. Әрине суретке басылған бейне біздің жадымызда сақталған естелікке қарағанда әлде қайда көп ақпарат береді. Мүмкін мен асыра сілтеп жатқан шығармын, бірақ оның жаныма батқаны рас.

Осыған қарап ұялы телефондардың, компьютерлердің біздің өмірімізді жаулап алғанын байқай аламыз. Күніміздің жартысынан көбін солармен өткізіп, уақытымызды кетірудеміз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/2M6k6eBB2Ip5K9au2y5OFa364Sj4lU.jpg)

Шынымен-ақ оларсыз күнімізді елестете алмаймыз. Бұл не болғаны сонда? Нанотехнологиялардың әлемді жаулап алу шараларының әсері осыншама күшті болғаны ма?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yaly-telefondar-adam-mirinde-anshaly-ty-ma-yzdy-689683](https://yvision.kz/kk/post/yaly-telefondar-adam-mirinde-anshaly-ty-ma-yzdy-689683)