---
title: "Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігі"
description: "Қазіргі таңда біздің еліміз әлемдік анти­ядролық қозғалыстардың көшбас­шысына айналып отыр. Адамзатт..."
author: "TKazhygumarova"
published: "2020-10-12T03:47:31+00:00"
modified: "2020-10-12T03:47:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/yadroly-arusyz-lem-zh-ne-zamanaui-auipsizdik-t-sinigi-868389"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/yadroly-arusyz-lem-zh-ne-zamanaui-auipsizdik-t-sinigi-868389/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігі

> Қазіргі таңда біздің еліміз әлемдік анти­ядролық қозғалыстардың көшбас­шысына айналып отыр. Адамзатт...

Қазіргі таңда біздің еліміз әлемдік анти­ядролық қозғалыстардың көшбас­шысына айналып отыр. Адамзатты тол­ғандырып отырған ядролық қару қаупін сейілтуге күш-жігерін барынша жұмсап келе жатқан еліміздің аталған саладағы көшбасшылық рөлінің халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалуын Мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сауатты бас­тамаларының оң нәтижесі деп айтуға толық негіз бар.Осыдан 29 жыл бұрын Президентін жарлығымен бүкіл әлемге белгілі Семей ядролық сынақ полигоны жабылып, үздіксіз жарты ғасыр бойы ядролық жарылыс жасалған тажал ошағының үні өшкен болатын.Бұл адамзат өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде қабылданған еді. Сол күнен бастап Қазақстан тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні деп жариялауды ұсынады.Ұсыныс қолдау тауып, содан бері 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде атап өтіліп келе жатыр.

Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде қадам басқан еді.Сонымен қатар, қазіргі заман болмысын ескерсек, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты ұлттық мүдделерді прагматизм қағидаттарымен жаңғыртуды және ілгерілетуді талап етеді. Менің ойымша бұл процеске бірқатар ішкі және сыртқы факторлар ықпалын тигізуде.Сыртқы саясат саласындағы міндеттерді тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарын одан әрі институционалдық дамытуға дипломатиялық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруда.Қазақстанның шет елдерде және оның өкілдерінің халықаралық ұйымдарда дипломатиялық қатысуын кеңейту жоспарын да қарастыру да. СІМ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-материалдық қамтамасыз етуді жақсартуға зор маңыз береді.Қазақстан – бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені деп толығымен айта аламын .Еліміз адамзат үшін ең қымбат қазына - ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеп сақтай отырып,1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасқан болатын.

Бір кездері Араб елдері арасын­дағы ең ілгерішіл, дамыған Сирия мем­лекеттілігіне орны толмас залал келтіріліп, қоғамдық-саяси инсти­тут­тардың быт-шыты шығып, қалалары мен инфрақұрылымдары, тарихи мұрасы қиратылып, халқы жік-жікке бөлініп, босып кеткен.Сирияда рим, христиан, аббасид, салжұқ, осман дәуірлеріне жататын тарихи ескерткіштер жойылды. Сирия мемлекетінің зайырлы сипаты, жерінің тұтастығы басылуынан кейін Қазақстанға Сирия бойынша келіссөздерді Астанада өткізу туралы ұсыныс жасалды. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның аталған бейбіт келіссөздерді өткізуге дайын екенін мәлімдеп,Астана келіс­сөз­дерінің негізгі мақсаты – атысты тоқтату режімін нығайту, халықаралық байқаушыларды аймақтарға жіберу сияқты саяси емес, әскери мәселелерді шешу еді.Негізінен бұл жағдайға Астана қаласының таңдалуы да кез­дей­соқ емес.Дегенмен, аталған кездесулердің елі­мізде өтуі бітімгерлік және көпжақты дип­ломатия жүргізіп отырған, жуыр­да БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметіне кіріс­кен мемлекетіміздің қауіпсіздігі, айма­ғымыздың тұрақтылығы, ұлттық күшін арттыру үшін айрықша маңызға ие.

2002 жылғы 27 маусымда Кананаскис қаласында жаппай қырып-жоятын қарулардың таралуына қарсы жаһандық әріптестік «Сегіздік тобы» саммитінде құрлған. Бұл бастаманың әрекет ету күші әуелде - 2012 жылға дейін белгіленген болатын. Кейінен «Сегіздіктің» Довилдегі саммитінде жаһандық әріптестіктің мандатын 2012 жылдан кейін де ұзарту, оның географиясы мен қамту саласын кеңейту туралы шешім қабылданады. Ал Қазақстан жаппай қырып-жоятын қарулардың таралуына қарсы «Сегіздік тобы» (G 8) жаһандық әріптестігінің 24-мүшесі болды, деп ҚР СІМ баспасөз қызыметі хабарлаған болатын.Өзара іс-қимылдың басты бағыттары: ядролық, радиологиялық және биологиялық қауіпсіздік, сезімтал салаларға тартылған ғалымдарды еңбекке орналастыру және үшінші елдердің мемлекеттерді ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруларды және оны жеткізу құралдарын жасауға, сатып алуға, өндіруге, иелік етуге, тасымалдауға және беруге немесе қолдануға тырысқан мемлекеттік емес субъектілерге кез келген түрде қолдау көрсетуден бас тартуға міндеттейтін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №1540 қарарын орындауға жәрдемдесуін көздейді. Қазақстан Республикасы Жаһандық әріптестікке қатысу арқылы ұлттық, аймақтық және халқаралық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған қызметін жалғастырады.

Қорыта айтқанда, ядролық қару болсын,Қазақстаның сыртқы және ішкі жағдайын да болып жатқан келенсіздіктер де,Семей полигоны мен тағы да басқа ауыр жағдайлар – бүкіл адамзатқа төнген қауіп деп білем.Қазақстанның осы қауіптің бетін қайтару жолындағы күресі еліміздің беделін өсіре бермек. Өйткені бейбітшілік, қауіпсіздік үшін жасалған әрбір қадам өрісімізді кеңейтеді, өркенді ел болуға жол ашады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/yadroly-arusyz-lem-zh-ne-zamanaui-auipsizdik-t-sinigi-868389](https://yvision.kz/kk/post/yadroly-arusyz-lem-zh-ne-zamanaui-auipsizdik-t-sinigi-868389)