---
title: "Ұйқының беймәлім және мәлім сырлары"
description: "Әлем халқының 45 % ұйқысыздыққа шалдығып, жапа шеккен. Дәрігерлердің айтуынша кешкі сағат 21:00 - 23..."
author: "Aiym_Zhambulova"
published: "2023-07-07T17:51:51+00:00"
modified: "2023-07-07T17:51:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-yny-beym-lim-zh-ne-m-lim-syrlary-991263"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-yny-beym-lim-zh-ne-m-lim-syrlary-991263/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұйқының беймәлім және мәлім сырлары

> Әлем халқының 45 % ұйқысыздыққа шалдығып, жапа шеккен. Дәрігерлердің айтуынша кешкі сағат 21:00 - 23...

Әлем халқының 45 % ұйқысыздыққа шалдығып, жапа шеккен. Дәрігерлердің айтуынша кешкі сағат 21:00 - 23:00 аралығында жату дұрыс деп санайды. Өйткені күні бойы ағзаңыз қызмет атқарып, ұйқыға дайындалады.

Аз ұйықтаған адамның бойында қандай өзгеріс орын алады?

Неміс медицинасында 24 сағат бойы ұйықтамаған адам шизофренияның жеңіл түріне шалдығады. Бойы әлсіздікке ұшырап, сезімтал болады. Түстерді ажырата алмай, тілі күрмеле бастайды. Таңды ұйқысыз атырған адамдардың бет терісінде мезгілінен бұрын әжімдер пайда болады. Келбетіңіздің қартайып, көздің асты қараюы ұйқысыздықтың белгісі. Организде зат алмасу процесі тоқтап, жүрмейді. Түрлі токсиндер ,улы заттар ағзаға таралады. Теріде түрлі бөрітпелер пайла болып, онкологоиялық ауруларға әкеліп соқтырады. Ұйқысыздықпен күресіп, аурудың алдын алмасаңыз, арты инсультпен аяқталатынын ескеріңіз!

Ұйқысыздық жастың да, кәрінің де дертіне айналды.

Жыл сайын 1 миллионнан астам адамдардың жол апатына түсуі, ұйқысыздықтың әсері. Дұрыс ұйықтамаудың зардабы осындай жағдайларға алып келіп, соқтырады. Әлсіздік байқалған жағдайда ұйықтап алғаныңыз дұрыс деп дәрігерлерлер кеңес береді. Ұйқыңыз шайдай ашылып, ісіңіз өрге бастады.

Біліп жүріңіз

Ас мәзірін дұрыс таңдай білу керек. Жеңіл тамақты тұтынып, мейлінше көкініс пен жемістерді жегеніңіз дұрыс. Есіңізде болсын ұйқы келтіретін тәтті мен қуырыдған тағамдарды сирек тұтыныңыз!Денеңіздің күні бойы сергек болғанын қаласыңыз, ұйқы кестесін ұстаныңыз!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/573286/28d67ecd7740def33dfe7530042bfd.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-yny-beym-lim-zh-ne-m-lim-syrlary-991263](https://yvision.kz/kk/post/y-yny-beym-lim-zh-ne-m-lim-syrlary-991263)