---
title: "«Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі»"
description: "18 қазан күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саяс..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-10-22T07:02:57+00:00"
modified: "2018-10-22T07:02:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-ty-m-deniet-sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-sayasatyny-negizi-817384"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-ty-m-deniet-sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-sayasatyny-negizi-817384/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі»

> 18 қазан күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саяс...

18 қазан күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, профессор-оқытушы құрамы, магистрлер мен студенттер қатынасты.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 6 қазандағы Жолдауынан туындайтын мәселелер кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың идеологиялық және кәсіби аспектілері», «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық мәселелері мен шетелдік тәжірибелері» және тағы басқа сұрақтар талқыланды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-ty-m-deniet-sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-sayasatyny-negizi-817384](https://yvision.kz/kk/post/y-ty-m-deniet-sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-sayasatyny-negizi-817384)