---
title: "«Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі»"
description: "Жастарды тәрбиелеу, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоға..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-12-10T07:23:05+00:00"
modified: "2015-12-10T07:23:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-ty-m-deniet-sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-sayasatty-negizi-667041"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-ty-m-deniet-sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-sayasatty-negizi-667041/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі»

> Жастарды тәрбиелеу, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоға...

![«Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/23Y1soQiffJHakHavdJ22ULArvoDVA.jpg)

Жастарды тәрбиелеу, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғам талабы.

Осы орайда,2015 жылдың 9**-**10 желтоқсан күндері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ және Батыс Қазақстан инженерлі**-**технологиялық университетінде 9**-**желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне орай «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі» тақырыбында семинар**-**кеңестер ұйымдастырылды.

Семинар**-**кеңестерге университет басшылықтары, профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және университет жанында құрылған басылым тілшілері қатынасты.

Кездесулер барысында департамент қызметкерлерімен жаңа қабылданған ҚР «Мемлекеттік қызмет» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл» заңдары туралы түсінік беріп, жастардың санасына қазақстандық патриотизмді, құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігін аса назар аударды.Сонымен қатар, Департаментпен бірлесіп іс**-**қимыл жасау үшін ашық келісімге қол коюға шақырылды.Өз кезегінде университет басшылықтары қоғам дерті жемқорлықпен күресте әрдайым Департаментпен бірігіп бұл кеселдің алдын**-**алуда аянбайтындарын жеткізді.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.

![«Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/re7UZXJQm5B1q376TFDyKU3Zjb2qj6.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-ty-m-deniet-sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-sayasatty-negizi-667041](https://yvision.kz/kk/post/y-ty-m-deniet-sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-sayasatty-negizi-667041)