---
title: "Құқықтық білім беру мектебі"
description: "2018 жылы 25 желтоқсанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-01-03T09:46:51+00:00"
modified: "2019-01-03T09:46:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-ty-bilim-beru-mektebi-823020"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-ty-bilim-beru-mektebi-823020/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құқықтық білім беру мектебі

> 2018 жылы 25 желтоқсанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша...

2018 жылы 25 желтоқсанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-де департаменттің қызметкерлеріне «Зейнетақы заңнамасы бойынша НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар». Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенті», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнама талаптарының сақталуына бақылау жүргізу» тақырыптары бойынша жалпы құқықтық оқыту өтті. Құқықтық білім беру мектебінің аясында әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуаровамен «Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық мәдениетін жетілдіру» тақырыбына баяндама айтылды.

Азаматтарды қабылдау этикасы

Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу кезінде белгілі бір этикалық нормаларды ұстану керек:

келушілерге арналған үй-жайда барынша қолайлылық жасаңыз; келушіні қабылдауға ұзақ уақыт күттірмеңіз, себебі бұл адамды тепе-теңдік күйінен шығарады; ұқыпты болыңыз; егер келушіні белгіленген уақытта қабылдай алмасаңыз, оның алдында кешірім сұраңыз, қабылдау уақытын ауыстырыңыз; келушілердің қызметі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әрдайым сыпайы және әдепті болыңыз; келушіні қабылдау кезінде телефон арқылы сөйлеспеңіз, келушінің мәселесін шешумен байланысты емес істерді кейінге қалдырыңыз; келушіні мұқият тыңдаңыз, яғни ол оның ісінің мәнін шынайы қызықтыратынын сезінсін; өз тұжырымдарыңыз бен бағалауларыңызда объективті және әділ болыңыз; өтінішті қанағаттандырудан бас тарту нақты және анық тұжырымдалуы тиіс, ал қажет болған жағдайда – нормативтік- құқықтық актілерге сілтемелермен бекітілуі тиіс; әрқашан дұрыс және объективті болыңыз; келуші сізді арам ниетті деп санамас үшін сөйлесуді жүргізуге тырысыңыз; ешқашанда қызбалыққа салмаңыз; сынды тыңдай отырып, сыпайы және дәлелді жауап беріңіз.

«Қиын» келушімен қалай сөйлесуге болады

1-ЕРЕЖЕ. Әңгімелесушіні тыңдаңыз.

Ешқашанда оның сөзін бөлмеңіз, айтуға мүмкіндік беріңіз. Сізді күтіп тұрған кезде ғана айтыңыз.

2-ЕРЕЖЕ. Келісіңіз.

Қақтығыс жағдайында әңгімелесушімен кез келген келіспеушілік қақтығыс болып табылады. Сондықтан міндетті түрде сұхбаттасушының пікірлерімен, бірақ тек қана мүмкін болатын бөліктерімен ғана келісуіңіз керек.

Мысалы

Сіз жобаны нашар істедіңіз! Жоқ, жоба дұрыс істелінген! Ия, мен жақсырақ істер едім (пікір формасының өзгеруі) Сіз мерзімінде аяқтадыңыз, бірақ сапасына нұқсан келтірдіңіз! Жоқ, сапасы өте жақсы!ия, мен мерзімінде бітірдім (қалған бөлігімен келісу)

Бұл ретте Сіздің пікіріңіз сіз үшін де, сіздің сұхбаттасыңыз үшін де анық дұрыс болуы тиіс.

3-ЕРЕЖЕ. «Мен - жолдаушы» тәсілін қолданыңыз.

Адамға дұрыс істемегенін (айтқанын) көрсетпеу керек - бұл жанжал. Егер оған шабуыл жасамаса, адам қорғанбайды. Мен - жолдаушы - бұл адамға "қорғаныс" реакциясын тудырмай, оның мінез-құлқы дұрыс емес екенін көрсету тәсілі. Оппоненттің мінез-құлқын сынға алу қажет болғанда, өз атыңыздан сөйлеуге тырысыңыз.

Мысалы

(дауыс көтеру) маған айқайлауды тоқтатыңыз сіз маған ойымды жинауға кедергі жасап отырсыз! маған айқайлағанда ойымды жинай алмаймын. Сіз ақырын сөйлей аласыз ба?

4-ЕРЕЖЕ. Мінез-құлық немесе мән-жайлар туралы айтыңыз.

Егер сізге сын айту керек болса, адамның мінез-құлқы туралы айтыңыз, оның қабілеті, құндылықтары туралы емес және ол кім болып табылатыны емес. Одан да жақсысы-мән-жайлар туралы айтыңыз.

Мысалы

Жаман:

Сіз нашар мамансыз! Сіз дұрыс ештеңе жасай алмайсыз! Сіз осындай жалақы алуға лайық емессіз! Жақсы:

Сіз бізге қажет емес нәрсені жасадыңыз.

5 - ЕРЕЖЕ. Дұрыс бас тартыңыз.

Қысымды азайтуға мүмкіндік беретін үш бас тарту техникасы бар:

Бас тарту- қауіп (қорқамын, мұны жүзеге асыру мүмкін емес) Бас тарту-өкініш (өте өкінішті, бірақ мен мұны істей алмаймын) Бас тарту-мәжбүр (мен бас тартуға мәжбүрмін)

Сонымен қатар техникаларды араластыруға болады, мысалы: маған өте өкінішті, бірақ мен бас тартуға мәжбүрмін.

6 - ЕРЕЖЕ. Дұрыс дәлелдеңіз.

Техника «Сократтың оң жауаптарының әдісі» деп аталады. Әрбір аргумент «Сіз осымен келісесіз бе» деген сөзден басталады. Тек оң жауап алып, келесі аргументке өтіңіз. Егер жауап теріс болса-басқашаға ауыстырыңыз: «Бәлкім, мен ойымды дұрыс жеткізе алмаған шығармын. Сіз келісесізбе....» осылай, әңгімелесуші келіскенше. Сондай-ақ, өз позициясының оң және теріс жақтары (олар, әрине аз болуы тиіс) туралы айту маңызды. Бұл сенімсіздікті төмендетеді.

6.1. ЕРЕЖЕ. Дұрыс контраргументтеңіз.

Сұхбаттасушының дәлелдерін қайта жазу әдісі

Серіктестің дәлелдерін қайта ашқаннан кейін өз дәлелдерін баяндау болып табылады (себебі сіздің ойыңызша.... [оның аргументі] нысанында, мен ұсынамын [сіздің аргументіңіз]»). Өз сөздерін сіздің аузыңыздан ести отырып, қарсылас сізге сенім артады.

Аргументтерді бөлу әдісі

дұрысқа, күмәндіге және дұрыс емеске.

1 қадам: «Мен сізбен келісетінім....».

2 қадам: Бірақ мен сенімді болмас едім...».

3 қадам: «Ал бұл туралы..., онда...».

4 қадам: өз дәлелдерін келтіру.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-ty-bilim-beru-mektebi-823020](https://yvision.kz/kk/post/y-ty-bilim-beru-mektebi-823020)