---
title: "Құқық қорғау қызметіне түсудің жаңа тәртібі"
description: "Мемлекет басшысымен 2016 жылдың 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-01-18T05:41:39+00:00"
modified: "2017-01-18T05:41:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-yzmetine-t-sudi-zha-a-t-rtibi-750034"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-yzmetine-t-sudi-zha-a-t-rtibi-750034/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құқық қорғау қызметіне түсудің жаңа тәртібі

> Мемлекет басшысымен 2016 жылдың 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері...

Мемлекет басшысымен 2016 жылдың 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Оның нормаларына сәйкес, құқық қорғау қызметіне алғаш рет түсетін азаматтар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен оның аумақтық Департаменттерінде мемлекеттік тілді, заңнаманы білуге арналған тесттен және жеке қасиеттерін бағалаудан өтетін болады.

Бұл Мемлекет басшысының құқық қорғау және мемлекеттік қызмет стандарттарына орай тапсырмасына толықтай сәйкес келеді.

Осындай жүйені орнатудың мақсаты – кандидаттарды іріктеу кезінде құзіреттілік тәсілін енгізу. Ол кандидаттардың заңнаманы білу деңгейін анықтап қана қоймай, жеке қасиеттері мен кәсіби дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді.

Осы мақсатта қатардағы және кіші, орта, сондай-ақ аға басқарушы құрамға бөлінген тестілеудің 3 бағдарламасы қарастырылған. Заңнаманы білу бойынша тесттің шекті деңгейін сәтті еңсерген кандидаттар, келесі - автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау іріктеу кезеңіне өтеді.

Тестілеуді сәтті өткендігі туралы сертификат бір жыл ішінде жарамды және құқық қорғау органдарының конкурстарына қатысу үшін қажетті құжат болып табылады.

Сонымен қатар, құқық қорғау қызметіне түсуші кандидаттарға жазылу тәртібі жеңілдетілді. Олар сәйкесінше өтініштерін «Электрондық үкімет» порталы немесе «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалы арқылы бере алады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» 20.09.2016 жылғы №1 бұйрығына сәйкес, тестілеуден өту мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің апелляциялық комиссияларына апелляцияға шағымдарын бере алады.

Толық ақпаратты Агенттіктің ресми сайтынан kyzmet.gov.kz немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің 8(7112) 50-94-46, 50-02-81 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

#Орал #жаналык

Мемлекет басшысымен 2016 жылдың 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.Оның нормаларына сәйкес, құқық қорғау қызметіне алғаш рет түсетін азаматтар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен оның аумақтық Департаменттерінде мемлекеттік тілді, заңнаманы білуге арналған тесттен және жеке қасиеттерін бағалаудан өтетін болады.Бұл Мемлекет басшысының құқық қорғау және мемлекеттік қызмет стандарттарына орай тапсырмасына толықтай сәйкес келеді. Осындай жүйені орнатудың мақсаты – кандидаттарды іріктеу кезінде құзіреттілік тәсілін енгізу. Ол кандидаттардың заңнаманы білу деңгейін анықтап қана қоймай, жеке қасиеттері мен кәсіби дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді.Осы мақсатта қатардағы және кіші, орта, сондай-ақ аға басқарушы құрамға бөлінген тестілеудің 3 бағдарламасы қарастырылған. Заңнаманы білу бойынша тесттің шекті деңгейін сәтті еңсерген кандидаттар, келесі - автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау іріктеу кезеңіне өтеді.Тестілеуді сәтті өткендігі туралы сертификат бір жыл ішінде жарамды және құқық қорғау органдарының конкурстарына қатысу үшін қажетті құжат болып табылады.Сонымен қатар, құқық қорғау қызметіне түсуші кандидаттарға жазылу тәртібі жеңілдетілді. Олар сәйкесінше өтініштерін «Электрондық үкімет» порталы немесе «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалы арқылы бере алады.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» 20.09.2016 жылғы №1 бұйрығына сәйкес, тестілеуден өту мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің апелляциялық комиссияларына апелляцияға шағымдарын бере алады.Толық ақпаратты Агенттіктің ресми сайтынан kyzmet.gov.kz немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің 8(7112) 50-94-46, 50-02-81 телефон нөмірлері арқылы алуға болады. #Орал #жаналык

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-yzmetine-t-sudi-zha-a-t-rtibi-750034](https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-yzmetine-t-sudi-zha-a-t-rtibi-750034)