---
title: "Құқық қорғау қызметін бағалаудың басты критерийі – халықтың сенімі"
description: "А.ж. 14 қазанда Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасында жергілікті полиция қызметімен «Сыбайлас ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-10-17T04:13:32+00:00"
modified: "2016-10-17T04:13:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-yzmetin-ba-alaudy-basty-kriteriyi-haly-ty-senimi-719052"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-yzmetin-ba-alaudy-basty-kriteriyi-haly-ty-senimi-719052/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құқық қорғау қызметін бағалаудың басты критерийі – халықтың сенімі

> А.ж. 14 қазанда Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасында жергілікті полиция қызметімен «Сыбайлас ...

А.ж. 14 қазанда Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасында жергілікті полиция қызметімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тетіктері туралы» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық мәдениетін және және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Кездесу барысында М. Ахметқалиев: «Тек сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті», – деп өз ойымен бөлісті, ал, А. Жаналинов сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін атап өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу соңында Департаменттің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс- шараға 60 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0007.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-yzmetin-ba-alaudy-basty-kriteriyi-haly-ty-senimi-719052](https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-yzmetin-ba-alaudy-basty-kriteriyi-haly-ty-senimi-719052)