---
title: "Құқық қорғау органы қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі түсіндірілді"
description: "2017 жылдың 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-07-27T23:04:27+00:00"
modified: "2017-07-28T05:07:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organy-yzmetkerlerine-memlekettik-yzmet-salasynda-y-za-namaly-zgerister-zh-ne-y-or-au-yzmeti-774147"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organy-yzmetkerlerine-memlekettik-yzmet-salasynda-y-za-namaly-zgerister-zh-ne-y-or-au-yzmeti-774147/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құқық қорғау органы қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі түсіндірілді

> 2017 жылдың 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қа...

2017 жылдың 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде құқық қорғау органдары қызметшілерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер және құқық қорғау қызметіне іріктеудің кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Құқық қорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары Нұртазин М.С. қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай құқық қорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organy-yzmetkerlerine-memlekettik-yzmet-salasynda-y-za-namaly-zgerister-zh-ne-y-or-au-yzmeti-774147](https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organy-yzmetkerlerine-memlekettik-yzmet-salasynda-y-za-namaly-zgerister-zh-ne-y-or-au-yzmeti-774147)