---
title: "Құқық қорғау органдарына орналасу мәселесі талқыланды"
description: "А.ж. 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-11-26T05:12:45+00:00"
modified: "2017-11-26T05:12:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organdaryna-ornalasu-m-selesi-tal-ylandy-786135"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organdaryna-ornalasu-m-selesi-tal-ylandy-786135/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құқық қорғау органдарына орналасу мәселесі талқыланды

> А.ж. 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/445dJo32470WC7DDaGTn2MXgDsbT98.jpg) А.ж. 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында құқық қорғау органдарына орналасу мәселесі талқыланды.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Г.Евниева дөңгелек үстел қатысушыларын кездесудің мақсатымен таныстырып, жастар арасында құқық қорғау органдарына орналасу тәртібін түсіндіру жұмысының маңыздылығына ерекше назар аударды.

Ақмола облысының ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері жастар арасында өткізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, құқық қорғау органдарына іріктеу кезіндегі ерекшеліктер жөнінде егжей-тегжейлі айтып өтті.

Іс-шараның барысында конструктивті диалог құрылды, оның барысында құқық қорғау органдарына алғаш орналасатын тұлғаларға арналған әдістемелік ұсынымдар жасалды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organdaryna-ornalasu-m-selesi-tal-ylandy-786135](https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organdaryna-ornalasu-m-selesi-tal-ylandy-786135)