---
title: "Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықтан тыс"
description: "2016 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қ..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-04-25T22:46:49+00:00"
modified: "2016-04-25T22:46:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organdary-sybaylas-zhem-orly-tan-tys-690715"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organdary-sybaylas-zhem-orly-tan-tys-690715/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықтан тыс

> 2016 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қ...

2016 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (*Бұдан әрі – Департамент*) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының ІІД Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында (*Бұдан әрі – Басқарма*) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Семинар – мәжіліске «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы филиалының өкілі Асқар Омаров және Басқарманың жеке құрамы қатысты.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді түсіндірді.

«Нұр Отан» партиясының өкілі Асқар Омаров 2015 жылдың 30 қарашасындағы Елбасының Қазақстан халқына **«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ»** атты Жолдауының негізгі бағыттарын айтып өтті.

Басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жандос Ережепов, Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

![Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықтан тыс](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/P9ehWI8eaqij3WY18sH31f1jQseqm7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organdary-sybaylas-zhem-orly-tan-tys-690715](https://yvision.kz/kk/post/y-or-au-organdary-sybaylas-zhem-orly-tan-tys-690715)