---
title: "Ы. Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары"
description: "\"Ы.Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары\" Республикалық онлайн – акциясы аясында Ыбырай Алтынсариннің..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2021-03-01T03:50:18+00:00"
modified: "2021-03-01T03:50:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-altynsarin-ta-lymy-ilim-bilim-t-mary-924853"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/y-altynsarin-ta-lymy-ilim-bilim-t-mary-924853/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ы. Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары

> "Ы.Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары" Республикалық онлайн – акциясы аясында Ыбырай Алтынсариннің...

"Ы.Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары" Республикалық онлайн – акциясы аясында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналғанШығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Шамнан шырақ жағылар" атты әдеби челленджі басталды. Ұлы ағартушының есімімен аталатын кітапхана бірінші болып челленджді бастау құрметіне ие болды, оны Ақтөбе қаласындағы Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жалғастырды.

![Ы. Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/4ce484939c878b66a18222a0f89c73.jpg)

Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары қатысып, олар Ыбырайдың өмірбаянымен және оның шығармашылығымен танысып, Ы. Алтынсарин атындағы орындарға виртуалды саяхат жасады.

![Ы. Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/ab9bf74d6b8b467de8af824e8efb1e.jpg)

Аралбай Анар, Оспанова Тамина, Айтымбетова Әлия, Шүптібай Нұрсұлу жерлесімізге арналған өлеңдер оқыды. Шара соңында өлкетанушы, ақын, зерттеуші С.Оспановтың қатысуымен Алтынсариннің 180 жылдығына арналған бейнеролик көрсетілді.

![Ы. Алтынсарин тағлымы ілім-білім тұмары](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/7e3c53b75fd562d5642d69f1694ca0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/y-altynsarin-ta-lymy-ilim-bilim-t-mary-924853](https://yvision.kz/kk/post/y-altynsarin-ta-lymy-ilim-bilim-t-mary-924853)