---
title: "XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, батыс аймағындағы әйгілі Абыл,Нұрым бастаған"
description: "XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, Қазақстанның батыс аймағындағы әйгілі Абыл, Нұрым баста..."
author: "mangystau.mng.nurotan.kz"
published: "2020-12-22T11:01:06+00:00"
modified: "2020-12-22T11:01:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/xih-asyrdy-ekinshi-zhartysynda-myr-keshken-batys-ayma-ynda-y-ygili-abyl-n-rym-basta-an-897290"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/xih-asyrdy-ekinshi-zhartysynda-myr-keshken-batys-ayma-ynda-y-ygili-abyl-n-rym-basta-an-897290/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, батыс аймағындағы әйгілі Абыл,Нұрым бастаған

> XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, Қазақстанның батыс аймағындағы әйгілі Абыл, Нұрым баста...

XIХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен, Қазақстанның батыс аймағындағы әйгілі Абыл, Нұрым бастаған ақындық мектептің белді өкілі, әйгілі ақын, айтулы жырау Ақтан Керейұлының туғанына биыл 170 жыл толды. Мерейлі датаға орай аудан жастары арасында ақынның шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында челлендж өтті. Ақтан Керейұлының өмір мәні, ақыл-нақылдық бағыттағы, тұрмыс-салт және адамгершілік пен адалдық тақырыбын жырына арқау қылған және оның терме толғауларын ұрпақ санасына сіңіру біздің ортақ міндетіміз. Челленджге ақын шығармашылығын домбыраның күмбірлеген күйімен халық назарына ұсынып жүрген аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары мен мұғалімдері жоғары белсенділікпен қатысты. Аудандық балалар өнер мектебінің оқушысы Айжұлдыз Жұмағұлованың орындауында Ақтанның "Жайық деген жанды су" термесін орындап, ұстазы Жарас Ізғалиға жолдады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/xih-asyrdy-ekinshi-zhartysynda-myr-keshken-batys-ayma-ynda-y-ygili-abyl-n-rym-basta-an-897290](https://yvision.kz/kk/post/xih-asyrdy-ekinshi-zhartysynda-myr-keshken-batys-ayma-ynda-y-ygili-abyl-n-rym-basta-an-897290)