---
title: "«Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» мұздағы автожарысы"
description: "Усолка өзені аймағында қысқы жекпе-жек автожарыстан «Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» ашық біріншілігі ..."
author: "CRMI"
published: "2016-02-09T00:13:41+00:00"
modified: "2016-02-09T00:15:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vyuga-16-t-uelsizdik-kubogi-m-zda-y-avtozharysy-677455"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vyuga-16-t-uelsizdik-kubogi-m-zda-y-avtozharysy-677455/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» мұздағы автожарысы

> Усолка өзені аймағында қысқы жекпе-жек автожарыстан «Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» ашық біріншілігі ...

Усолка өзені аймағында қысқы жекпе-жек автожарыстан «Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» ашық біріншілігі өткізілді. Жарысты **«RedZone» Қоғамдық Ұйымы** Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ және «Павлодар қаласының спорт және туризм басқармасы» ММ-нің көмегімен ұйымдастырды.

![«Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» мұздағы автожарысы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Q585yOcBYwaGHMfsWSmv2j44RC6Z66.jpg)

Бәйгеде оза жабамын деушілердің арасында кәсіпқой автошабандоз бен қарапайым әуесқой автомобильші де бар. Жарысқа Ақсу, Екібастұз, Павлодар ауданынан 30-дан аса қатысушы келген. Олар автокөліктің бірнеше санаты бойынша бақ сынасты- «алдынғы привод», «артқы привод» және «PRO».

![«Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» мұздағы автожарысы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/wAOs7Dl5idcZFYc8SSul3p73ubQv7i.jpg)

Барлық санат бойынша Павлодар қаласының шабандоздары жеңіпмаз атанып, бірінші орынды иеленді. Олар - Сергей Ковтун (Пежо 106 автокөлігі), Максим Тюменев (Ваз 2102), Станислав Чигрин (MMC Lancer Evolution).

Жарыстың қорытындысы бойынша «Тәуелсіздік Кубогін» «PRO- моно» және «PRO-толық привод» санаты бойынша Фоминских Максим жеңіп алды.

**Ақпаратты ұсынған**

**Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vyuga-16-t-uelsizdik-kubogi-m-zda-y-avtozharysy-677455](https://yvision.kz/kk/post/vyuga-16-t-uelsizdik-kubogi-m-zda-y-avtozharysy-677455)