---
title: "«Время» газетінде Жоғарғы Сот Төрағасымен сұхбаттың жалғасы жарияланды"
description: "«Время» газетінің бүгінгі нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің сот жүйесі қызметінің өзе..."
author: "SUD_RK"
published: "2016-08-04T21:23:49+00:00"
modified: "2016-08-04T21:23:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vremya-gazetinde-zho-ar-y-sot-t-ra-asymen-s-hbatty-zhal-asy-zhariyalandy-705510"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vremya-gazetinde-zho-ar-y-sot-t-ra-asymen-s-hbatty-zhal-asy-zhariyalandy-705510/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Время» газетінде Жоғарғы Сот Төрағасымен сұхбаттың жалғасы жарияланды

> «Время» газетінің бүгінгі нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің сот жүйесі қызметінің өзе...

«Время» газетінің бүгінгі нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің сот жүйесі қызметінің өзекті мәселелері туралы сұхбатының жалғасы жарияланды. Күші жойылған және өзгертілген үкімдердің саны туралы айта келе, Қ.Мәми: «Жоғарғы Сот статистика үшін жұмыс істемейді, сот үкімдері мен шешімдерінің күшін жою, өзгерту жөніндегі көрсеткіштер әлдеқашан аудандық және облыстық соттар қызметін бағалаудың критерийлері болып табылмайды», - деді. Ол сұхбатта бірыңғай сот практикасын қалыптастыру және сот отырысындағы жариялылықтың шегі туралы да ойларымен бөлісті. «Время» газеті журналисінің ипотека ресімдеген азаматтар мен екінші деңгейлі банктер арасындағы даулы істер қатарының артуына қатысты сұрағына орай Қ.Мәми бұл мәселенің себебін қолданыстағы заңнамада кездесетін қайшылықтармен байланыстырды. Осы жағдайдың салдарынан ипотека ресімдеген азаматтарға жалғыз баспаналарынан да айырылып қалу қаупі туындап отыр. Жоғарғы Сот Төрағасы қазіргі таңда банктердің қарыз алушыларға қатысты несиелік міндеттеменің әрекет етуінің бүкіл мерзімінде қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арыздарын қанағаттандыруға судьялардың неліктен мәжбүр болып отырғандығын түсіндірді. Осы ахуалды қолданыстағы заңдардың, негізінен, банктердің мүддесін көздейтіндігін, ал соттар, ең алдымен, заңдарды басшылыққа алуы тиістігімен түсіндіруге болады. Банктер мерзімсіз талап қою құқығын теріс пайдалануда, ұзақ уақыт бойы соттарға жүгінбей, қарызды пайдаланудың барлық мерзіміне пайыздық алымдарды есептейді. Осылайша олар негізгі қарыз сомасын пайыздық алымдармен қоса талап етуге әуестеніп алды. «Жоғарғы Сот бұл мәселені зерделей келе, қалыптасқан ахуалды өзгерту қажет деп санайды», - деді Қ.Мәми. Ол Жоғарғы Сот тарапынан Үкіметтің атына хат жолданғанын, онда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңға талап қоюдың ескіру мерзімдері бөлігінде түзетулер енгізу қажеттігі атап өтілгенін мәлімдеді. Қ.Мәми «22 маусым. Брест қамалы» халықаралық фестиваліне қатысқан қазақстандық делегацияға қолдау көрсетудің мән-маңызы туралы ойымен бөліскен. Отандық экспедиция «Мамай қорғаны», «Павлов үйі», Волоколам тас жолы, «Панфиловшылар», «Поклонная гора» мұражайлары, Беларустің Радошковичи кентіндегі бауырластар қабірі, Ұлы Отан соғысы жылдары және Брест қамалын қорғау кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш секілді әскери даңқты айғақтайтын көрнекті жерлерге барып қайтты. «Мұндай іс-шаралар сол соғыстың батырлары туралы естеліктерді жадымызда сақтап, оны қазақстандық жас ұрпаққа насихаттауда үлкен рөл атқарады», - деп санайды Жоғарғы Сот Төрағасы. Сұхбаттың екінші бөлігі: [http://www.time.kz/articles/ugol/2016/08/03/kajrat-mami-v-problemah-ipotechnikov-sudi-ne-vinovati](http://www.time.kz/articles/ugol/2016/08/03/kajrat-mami-v-problemah-ipotechnikov-sudi-ne-vinovati) [http://sud.gov.kz/kaz/news/vremya-gazetinde-zhogargy-sot-toragasymen-suhbattyn-zhalgasy-zhariyalandy](http://sud.gov.kz/kaz/news/vremya-gazetinde-zhogargy-sot-toragasymen-suhbattyn-zhalgasy-zhariyalandy)

![«Время» газетінде Жоғарғы Сот Төрағасымен сұхбаттың жалғасы жарияланды](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/J5Gk8tx2dh15P28lc8W5De1oX3C345.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vremya-gazetinde-zho-ar-y-sot-t-ra-asymen-s-hbatty-zhal-asy-zhariyalandy-705510](https://yvision.kz/kk/post/vremya-gazetinde-zho-ar-y-sot-t-ra-asymen-s-hbatty-zhal-asy-zhariyalandy-705510)