---
title: "Волонтерлер органикалық фермаларда көмек көрсету үшін ауылдарға ағылуда"
description: "Волонтерлер органикалық фермаларда көмек көрсету үшін ауылдарға ағылуда Гвангчеон. Оңтүстік Чхунчхон..."
author: "wwoofkazakhstan"
published: "2015-06-22T01:39:46+00:00"
modified: "2015-06-22T01:52:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/volonterler-organikaly-fermalarda-k-mek-k-rsetu-shin-auyldar-a-a-yluda-515295"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/volonterler-organikaly-fermalarda-k-mek-k-rsetu-shin-auyldar-a-a-yluda-515295/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Волонтерлер органикалық фермаларда көмек көрсету үшін ауылдарға ағылуда

> Волонтерлер органикалық фермаларда көмек көрсету үшін ауылдарға ағылуда Гвангчеон. Оңтүстік Чхунчхон...

**Волонтерлер органикалық фермаларда көмек көрсету үшін ауылдарға ағылуда**

Гвангчеон. Оңтүстік Чхунчхон провинциясы – мұндағы адамдардың көпшілігі чхусок отбасылық мерекелерін пайдаланса, Анна Дженаро мен Роберто Селла Корей фермасында қалып, егін ору фестивалін алды.

Италиялық жұп Алғыс айту мерекесінде 10 күннен астам уақыт Оңтүстік Чхунчхон провинциясындағы органикалық ферамда ерікті волонтер ретінде болып қайтты.

«Біз волонтер болуға шешім қабылдадық, себебі шынымен де табиғат пен органикалық егін шаруашылығы қызықтырады», - дейді 27 жастағы Анна. Ол Робертомен бірге Сеул қаласынан 3 сағаттық қашықта жатқан Гванчхонға жақын жердегі Янг-І фермасында пияз бен қызыл бұрыш егу жұмыстарын жасады.

«Бұл саяхаттау кезінде қаражатты үнемдеу мен жергілікті тұрғындармен қарым-қатынаста болып, мәдиеті туралы, өзіміздің өмірімізде болғанын қалайтын шаруашылық туралы көбірек білудің жақсы жолы».

Бұл жұп фермамен байланысқа1997 жылы ашыллған? Ал қазургі таңда Корея аумағында 50-ден астам ферма мүшелік ететін Бүкіл әлемдік органикалық ферамадағы мүмкіншіліктер (ВУФ WWOOF) жергілікті бөлімі арқылы байланысқа шыққан. Өзге де тұрақты әрі эстетикалық жағдайда тағам өсіретін 50 қатысушы ел ферамларындағы сияқты фермерлер келушілерге күнделікті 4-6 сағаттық жұмысы үшін жылы жатын орны мен тағам ұсынуға дайын.

Қолдарына бастапқы 50000-ды алу үшін қалалықтар мұнда тұқым отырғызып, арам шөп жұлып, елдің тұрмысының дәмін сезінулері керек.

ВУФ WWOOF Корея ұйымдастырушысы Кота Фукияманың айтуынша, вуфинг мұнда танымал болып келе жатыр, өткен жылдың өзінде 350 ерікті тіркелген.

«Еріктілер мұна жай саяхаттау кезінде сезіне алмайтын нағыз дәстүрлі ауыл тіршілігінен тәжірибе ала алады»,-дейді ол.

«Фермерлер қосымша еңбек күшімен қатар түрлі елдердің адамдарымен де қарым-қатынаста бола алады. Себебі олар өз жерлерін тастап кете сала алмайды. Алайда ВУФ WWOOF хосты болғандықтан осындай мүмкіндікке қол жеткізеді.»

ВУФинг жұмыс орындары жануарларға қатысты, ауылшаруашылық дүкендерінде клиенттерге қызмет көрсету бойынша, соя бұршақтарынан паста немесе кимчи тағамдарын дайындау? Тіпті тұз жинауға байланысты әр түрлі болады.

Кореяда волонтерлер Геонги провинциясындағы ешкі фермасында немесе Чолла НамдодағыКуре плантациясында буддалық көк шай жинауға көмектесе алады. Дорри Вилладж Кенджу, Кенсан-Пукто смякты агротуризм ауылдары тіркеліп, өздері өсіретін көкөністерді Үндістандағы білім беретінбалалар коммунасына жіберіп те тұрады.

Кейбіреулер үшін өзге тәжірибе ретінде волонтерлер қыркүйек пен қараша айлары аралығында Оңтүстік Чоллапровинциясындағы Имчондодағы Махатаб тұз фермасында тұз жинауға көметесе алады. Ағашпенжұмыс жасауға қызығатындар Оңтүстік Чолла провинциясындағы Хабаса ағаш шеберханасы үйінде бола алады.

Былтырғы Түркияда да болғандарынан өздерінің халықаралық сапарында Анна мен Роберто Чусоктың Хангсан-гун фермасындағы қожайындар Чхве Ен Сан мен жары Парк Бун-юге көп көмектесті. Фермерлер пистицидтерден гөрі ЭМ ферменттарін қолданып егін егеді.

![Волонтерлер органикалық фермаларда көмек көрсету үшін ауылдарға ағылуда](https://storage.yvision.kz/images/user/wwoofkazakhstan/bVApOn5gpEpUdwfcUwi081fwu9SLr9.jpg)

***Анна Дженаро мен Роберто Селла Янг-І органикалық фермасында кырыққабат жинауда***

Қарбалас егін жинау науқанында жұмыс көп болғанымен оллр органикалық кимчи жасап, күріш шелпегі мен кеспенің дәмін татып та көрді.

«Маған мұнда волонтерлердің болғаны ұнайды. Себебі мен оларға корей тағамдарының дәмін татқызып, корейлік ауылшаруашылық өмірімен танытыра аламын,»-дейді Парк.

Оңық қонақтары кереметауыл аумағында күніне 8 сағаттан жұмыс жасаған.

Алайда ВУФ WWOOF кеңселерінде ұзақ уақыт тұрақтау кезінде волонтерлер күніне 4 сағат жұмыс істеп, аптасына 2 немесе 1 күн демалыс берілуі керек дейді, алайда қонақтардың қарбалас маусым кезінде көбірек жұмыс сұрауларынада болатынын айтады.

«Қазір үлкен маусым, тамыз бен қыркүйек аралығында істейтін жұмыс өте көп,» - дейді Роберто.

Волонтер болғысы келетіндерге ең алдымен ашық-жарқын әрі берілетін қатаң тапсырмаларға дайын болуға кеңес береді.

Келмес бұрын хосттың ұсынатын жұмыс түрлермен жақсылап танысып, өзіңізді қаншалықты қызықтыратынын анықтап алған жақсы.

24 жастағы Дюрии Юнг өткен жылғы жазда Конвондо провинциясындағы фермада 5 күн болғанында ауылдық жердің табиғатынан ләззат алуға бос уақыттың жеткілікті болғанын айтады.

Ол өзінің Америкалық, Канадалық, Гонконгтік достарымен бірге жүгері мен картоп жинауға көмектеіп, органикалық өнімдермен тамақтанған.

«Ол кезде мен үлкен қаладан қатты шаршап, жай ауылға барғым келген. Көлде шомылып, өзгелермен бірге ортақ ортаықта ұйықтап жүрген тамаша кезеді,»-дейді ол.

«Отбасы үшін шетелдіктермен бұл бірінші кездесу ед. Бастапқыда оларменқалай жұмыс істеу керектігін білмегенмен, кейін қонақтарға үйренісіп кетті. Ақырында ағылшын тілін білмесе де, өзге елдің адамдарын танып алды.»

Дюрии Юнг ашық мінезді шетелдіктерге Кореядағы ВУФте волонтер болуды ұсынады.

ВУФ WWOOF Корея ағылшын тілін мүлде білмейтін фермерлерен жұмысістеп көруге мүмкіндік жасағанымен, мұнда жүргенде шыдам мен икемділік керек-ақ.

Саяхатының бірінші аптасын Сеулде өткізген Анна «Меніңше Корея екіжақты ел және бұләрқашан жақсы,» - дейді

«Өзге елге барған кезде Сізге сол елдің мәдениеті туралы барлығын білу мен адамдардың сезіміне ортақтасудың қажеті жоқ. Бұл сапардн түсінгенім тек ең бастысы өмір сүрудің өзге тәсілдеріне құрметпен қарауыңыз.»

«Мұнда келмес бұрын біз Корея мен корей халқы туралы ешнарсе білген емеспіз. Бұл танысудың жақсы жолы болды.»-деп Роберто да келіседі.

«Отбасы мен біздің арамызда түрлі айырмашылықтар болғанымен,олар өте мейірбан әрі жақыс. Біз басқа өмірді көрдік».

Қосымша ақпараталу үшін [www.wwoofkorea.co.kr](http://www.wwoofkorea.co.kr/) өту.

Ағылшынша сөйлейтін ферма қожайындары:

● Жой ауыл шаруашылық кәсіпорыны ― Бонхва-гун, Кенсан Пукто

Ең аз тұрақтау уақыты: екі апта

Ферма тау бөктерінің қойнауында орналасқан. 1997 жылы Сеулді қарапайым өмір сүру үшін тастағанда ашылды.

● Калор оф Жежу ― Жежу қаласы

(Blog.naver.com/amjasoon)

Ең аз тұрақтау уақыты: үш күн

Жеті көршілес органикалық фермалар кооперативі көптеген жеміс түрлерін өсіреді.

● Самуэл мектебі ― Инчеон қаласы

(www.sanmauel.org)

Ең аз тұрақтау уақыты: екі апта

Бұл 60 студенті бар эко мектеп органикалық жер шаруашылығы арқылы таза қоршаған орта қалыптастыруға ұмтылады.

● Хансол ауыл шаруашылық кәсіпорыны ― Намянгжу, Гиеонги облысы

(Blog.naver/terramadre)

Ең аз тұрақтау уақыты: бір апта

 

Кристи Таилордын мақаласы ([kirstyt@heraldcorp.com](mailto:kirstyt@heraldcorp.com))

[http://www.koreaherald.com/view.php?ud=20110914000518](http://www.koreaherald.com/view.php?ud=20110914000518)

Аударылған: Назерке Алтынбекова

 

**WWOOF Қазақстан**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/volonterler-organikaly-fermalarda-k-mek-k-rsetu-shin-auyldar-a-a-yluda-515295](https://yvision.kz/kk/post/volonterler-organikaly-fermalarda-k-mek-k-rsetu-shin-auyldar-a-a-yluda-515295)