---
title: "Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ақтық сайыстары Хромтауда өтеді"
description: "Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жарт..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-24T22:58:12+00:00"
modified: "2013-10-24T22:58:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleyboldan-erler-arasynda-y-aza-stan-kubogyny-a-ty-sayystary-hromtauda-tedi-381497"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleyboldan-erler-arasynda-y-aza-stan-kubogyny-a-ty-sayystary-hromtauda-tedi-381497/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ақтық сайыстары Хромтауда өтеді

> Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жарт...

[!\[Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ақтық сайыстары Хромтауда өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/221168-300x195.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/221168.jpg)

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық сайыстары өтеді.

Бұған дейін онда 16-23 қазанда ширек финалдық ойындар өткен болатын. Онда үздік шыққан «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал), «Алматы», «Павлодар» мен «ТНКҚазхром» (Хромтау) командалары жартылай финалға шықты. Енді 27-сі күні алматылықтар мен павлодарлықтар, оралдықтар мен хромтаулықтар өзара күш сынасады. Өз қарсыласын ұтқандар келесі күні ақтық сында ел кубогын сарапқа салса, жеңілгендер үшінші орынға таласады. Ширек финалда алматылықтар 3:1 (25:27, 25:21, 25:16, 25:21) есебімен қарсыласын ойсыра ұтса, оралдықтар алаң қожайындарына 2:3 есебімен (25:15, 26:28, 25:21, 19:25, 16:18) жеңіліс тапқан болатын. Ал жалпы есепте оралдықтар 18 ұпаймен бірінші, алматылықтар 16 ұпаймен екінші, павлодарлықтар мен хромтаулықтар 14 ұпаймен 3-4-орынды өзара бөліскен еді.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: [Ерлік Ержанұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1179)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/voleyboldan-erler-arasynda-y-aza-stan-kubogyny-a-ty-sayystary-hromtauda-tedi-381497](https://yvision.kz/kk/post/voleyboldan-erler-arasynda-y-aza-stan-kubogyny-a-ty-sayystary-hromtauda-tedi-381497)