---
title: "Волейболдан Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды"
description: "Бүгін Өскеменде ерлер, ал Теміртауда әйелдер арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы раунды бастал..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-02T23:21:34+00:00"
modified: "2013-10-02T23:21:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleyboldan-aza-stan-kubogyny-al-ash-y-raundy-bastaldy-377132"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleyboldan-aza-stan-kubogyny-al-ash-y-raundy-bastaldy-377132/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Волейболдан Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды

> Бүгін Өскеменде ерлер, ал Теміртауда әйелдер арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы раунды бастал...

[!\[Волейболдан Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20131002123112-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/20131002123112.jpg)

Бүгін Өскеменде ерлер, ал Теміртауда әйелдер арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды.

Оған ерлер арасында да Ұлттық лигадан — 4, Жоғары лиганың «А» дивизионынан — 4, «Б» дивизионынан — 2, әйелдер арасында додада Ұлттық лигадан — 2, Жоғары лиганың «А» дивизионынан — 2 ,«Б» дивизионынан 6 команда қатысуда. Ал өткен ел чемпионатында үздік төрттікке кіргендер жарыстың келесі кезеңінен бастап қатысады. Бұған дейін ел кубогын ерлер арасында алматылықтар — 8, атыраулықтар — 3, теміртаулықтар, оралдықтар, семейліктер — 2, талдықорғандықтар, қызылжарлықтар, павлодарлықтар бір-бір мәрте қол жеткізді. Атап айтқанда, алматылықтардан 1993 жылы «Азамат», 1997 жыл «РКС-2», 2003-2005 жылдары «Рахат-ЦСКА», 2007, 2008, 2011 жылдары «Алматы», талдықорғандықтардан 1994 жылы «Жетысу», қызылжарлықтардан 1995 жылы «Дорожник», теміртаулықтардан 1996 жылы «Болат», 1998 жылы «Испат-Кармет», оралдықтардан 1999 жылы «Жайық», 2006 жылы «Конденсат», 2000, 2009, 2010 жылдары «Атырау», 2001, 2002 жылдары «Семей», 2012 жылы «Павлодар» волейболшылары мұндай мәртебеге ие болды. Әйелдер арасында «Рахат» (Алматы) командасы — 7, «Жетісу» (Талдықорған) командасы — 6, «Астана қанаты» (Астана) командасы 1 мәрте қол жеткізді.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: [Ерлік Ержанұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1179)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/voleyboldan-aza-stan-kubogyny-al-ash-y-raundy-bastaldy-377132](https://yvision.kz/kk/post/voleyboldan-aza-stan-kubogyny-al-ash-y-raundy-bastaldy-377132)