---
title: "Волейбол: Әйелдер командаларының ұпайлары теңесті — БҚО"
description: "ОРАЛ. ҚазАқпарат — Орал қаласындағы «Энергия» фитнес орталығында «А» жоғары лига командалары арас..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-25T00:02:04+00:00"
modified: "2014-02-25T00:02:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleybol-yelder-komandalaryny-paylary-te-esti-b-o-402384"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleybol-yelder-komandalaryny-paylary-te-esti-b-o-402384/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Волейбол: Әйелдер командаларының ұпайлары теңесті — БҚО

> ОРАЛ. ҚазАқпарат — Орал қаласындағы «Энергия» фитнес орталығында «А» жоғары лига командалары арас...

[!\[Волейбол: Әйелдер командаларының ұпайлары теңесті — БҚО\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140127103830-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140127103830.jpg)

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Орал қаласындағы «Энергия» фитнес орталығында «А» жоғары лига командалары арасында ел біріншілігі үшінші турының ойындары жалғасуда.

Қос турдан кейін «Алматиночка» «Қарағанды-2» командасынан екі ұпай алда келе жатқан еді. Үшінші тур барысында олардың жинаған ұпайлар саны 31-ге жетіп, теңесті. Алдымен «Қарағанды-2» командасы алматылық қыздарды бес партияда ұтып, екі ұпайға ие болды. Одан кейін жексенбі күні алматылықтар үшінші орындағы «Қостанай» командасын 3:2 есебімен жеңді. Ал алаң иелері «Грация-KZ» командасы үш кездесуінде де жеңіліс тапты. «А» лигасындағы алты команда 25-26 ақпан күндері үшінші турдың қорытынды ойындарын өткізеді.

Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Батыс Қазақстан облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/259)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/voleybol-yelder-komandalaryny-paylary-te-esti-b-o-402384](https://yvision.kz/kk/post/voleybol-yelder-komandalaryny-paylary-te-esti-b-o-402384)