---
title: "Волейбол: «Конденсат-Жайықмұнай» ел чемпионатында жеңіліссіз келеді"
description: "Хромтауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты бірінші турының..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-17T23:44:05+00:00"
modified: "2013-12-17T23:44:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleybol-kondensat-zhayy-m-nay-el-chempionatynda-zhe-ilissiz-keledi-390943"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleybol-kondensat-zhayy-m-nay-el-chempionatynda-zhe-ilissiz-keledi-390943/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Волейбол: «Конденсат-Жайықмұнай» ел чемпионатында жеңіліссіз келеді

> Хромтауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты бірінші турының...

[!\[Волейбол: «Конденсат-Жайықмұнай» ел чемпионатында жеңіліссіз келеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/20121118132221-1-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/20121118132221-1.jpg) Хромтауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты бірінші турының ойындары мәреге жетті. «Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің хабарлағанындай, Оралдың «Конденсат-Жайықмұнай» командасы соңғы екі ойынында да жеңіске жетті. Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:2 есебімен тізе бүктірсе, «Таразды» 3:1 есебімен ұтты. Сөйтіп биылғы біріншілікте қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, әзірге жеңіліссіз келе жатқан батысқазақстандықтар 18 ұпаймен көш бастады. Өскемендіктер екінші, хромтаулықтар үшінші орында келеді. Енді «Конденсат-Жайықмұнай» 7-11 қаңтар күндері Петропавлда «Есіл», «Атырау», «ТНК Казхром» командаларымен күш сынасады. Оралдағы беташар ойындарда Игорь Никольченконың шәкірттері бұл үш клубты да жеңген болатын.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/voleybol-kondensat-zhayy-m-nay-el-chempionatynda-zhe-ilissiz-keledi-390943](https://yvision.kz/kk/post/voleybol-kondensat-zhayy-m-nay-el-chempionatynda-zhe-ilissiz-keledi-390943)