---
title: "Волейбол: бүгін ҚР чемпионаты екінші турының ойындары басталады"
description: "Бүгін Петропавл және Тараз қалаларында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-07T22:45:18+00:00"
modified: "2014-01-07T22:45:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleybol-b-gin-r-chempionaty-ekinshi-turyny-oyyndary-bastalady-394585"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleybol-b-gin-r-chempionaty-ekinshi-turyny-oyyndary-bastalady-394585/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Волейбол: бүгін ҚР чемпионаты екінші турының ойындары басталады

> Бүгін Петропавл және Тараз қалаларында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІ...

[!\[бүгін ҚР чемпионаты екінші турының ойындары басталады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/98163ea0e4cf2653d60497011f77150a-300x199.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/98163ea0e4cf2653d60497011f77150a.jpg)

Бүгін Петропавл және Тараз қалаларында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты екінші турының ойындары басталады.

8-10 қаңтар аралығында Петропавлда жергілікті «Есіл», Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы», «Атырау», Хромтаудың «ТНК Казхром» командалары күш сынасса, Таразда ел чемпионы «Алматы», «Павлодар», «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Тараз» алаңға шығады. Бұдан кейін сегіз команда қосылып, екінші турдың ойындарын 26-31 қаңтарда Павлодар қаласында жалғастырады. Бірінші турдан кейін 18 ұпай жинап, әзірге жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген, Игорь Никольченко жаттықтыратын «Конденсат-Жайықмұнай» көш басында. «ШығысҚорғасынҚұрылыс» 14 ұпаймен екінші, қоржынында 13 ұпайдан бар алматылықтар мен хромтаулықтар үшінші-төртінші орында келеді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/voleybol-b-gin-r-chempionaty-ekinshi-turyny-oyyndary-bastalady-394585](https://yvision.kz/kk/post/voleybol-b-gin-r-chempionaty-ekinshi-turyny-oyyndary-bastalady-394585)