---
title: "Волейбол: Қазақстанның құрамасы бірінші орынға көтерілді"
description: "Тайландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-16T03:06:06+00:00"
modified: "2013-09-16T03:06:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleybol-aza-stanny-ramasy-birinshi-oryn-a-k-terildi-374207"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/voleybol-aza-stanny-ramasy-birinshi-oryn-a-k-terildi-374207/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Волейбол: Қазақстанның құрамасы бірінші орынға көтерілді

> Тайландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз...

[!\[Қазақстан құрамасы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo_30785-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/photo_30785.jpg)

Тайландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болды.

Кеше біздің волейболшы қыздарымыз Австрия құрамасын 3:1 (25:16, 25:15, 24:26, 25:18) есебімен ұтып, жалпы 9 ұпай жинады. Осының арқасында «А» тобында бірінші орынға шығып, ширек финалға жолдама алды. Бұған дейін Қазақстанның волейбол командасы өз тобындағы Тайланд пен Моңғолия командаларын жеңген болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Арман Асқаров](http://inform.kz/kaz/searchauthor/1210)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/voleybol-aza-stanny-ramasy-birinshi-oryn-a-k-terildi-374207](https://yvision.kz/kk/post/voleybol-aza-stanny-ramasy-birinshi-oryn-a-k-terildi-374207)