---
title: "Владимир Рерих Германияда қайтыс болды"
description: "Белгілі тележүргізуші, медиаменеджер Владимир Рерих Берлинде 67 жасқа қараған шағында дүниеден..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-21T06:29:09+00:00"
modified: "2024-01-21T09:23:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vladimir-rerih-germaniyada-aytys-boldy-1000108"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vladimir-rerih-germaniyada-aytys-boldy-1000108/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Владимир Рерих Германияда қайтыс болды

> Белгілі тележүргізуші, медиаменеджер Владимир Рерих Берлинде 67 жасқа қараған шағында дүниеден...

Белгілі тележүргізуші, медиаменеджер Владимир Рерих Берлинде 67 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл суық хабарды марқұмның бұрынғы әйелі, тележүргізуші Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасында жеткізді.

![Владимир Рерих Германияда қайтыс болды](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/572b99aee0ade80aeada6d387b5a55.jpg)

Фото: 365info

«Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма,маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық,даналық, ар,кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ,қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген,Володя! Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған,түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! Кешір мені!», – деп жазды Дана Нұржігіт.

Владимир Рерих 2012 жылы жұмыссыз қалуына байланысты елден кеткен еді. Ол Германияға тұрақты тұру үшін көшіп барды.

Владимир Рерих 1958 жылы 1 қаңтарда Талдықорғанда дүниеге келген. Ол 1996 жылдан 2004 жылға дейін «Хабар» агенттігінде басшылық қызметтерде (бағдарламалар директоры, бас директордың бірінші орынбасары, бас директор) болды. 2005 жылы «Асар-Казахстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған. 2006-2012 жылдар аралығында Еуразия медиафорумының бас продюсері болып істеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vladimir-rerih-germaniyada-aytys-boldy-1000108](https://yvision.kz/kk/post/vladimir-rerih-germaniyada-aytys-boldy-1000108)