---
title: "VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап қалды"
description: "Құрлықтық VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап ..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-09-08T01:10:51+00:00"
modified: "2015-09-08T01:10:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vino-4-ever-velokluby-haly-araly-tour-of-bulgaria-velozharysynda-k-shbasshyly-ty-sa-tap-aldy-537477"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vino-4-ever-velokluby-haly-araly-tour-of-bulgaria-velozharysynda-k-shbasshyly-ty-sa-tap-aldy-537477/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап қалды

> Құрлықтық VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап ...

[!\[VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап қалды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150907134802-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150907134802.jpg)

Құрлықтық VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап қалды.

«Солтүстікқазақстандықтар халықаралық Tour of Bulgaria веложарысын сәтті бастады. Оған 19 команданың 100-ден астам спортшысы қатысты. Бес кезеңнің қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтар алғашқы орындарды сақтап қалды. Олег Земляков бас жіктеуде екінші орында, командалық сында VINO 4-EVER үшінші орынға ие болды. Бірнеше күннен кейін Болгарияда СҚО спортшылары екі күндік Tour of Black Sea жарысына қатысты. Жандос Бижігітов 162 км қашықтықтағы топтық жарыста екінші, 103 шақырымдық жарыста үшінші және бас жіктеуде екінші орынға ие болды», — деп хабарлады СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Олег Земляков — 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында бірінші және жалпы есепте сегізінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, Жандос Бижігітов «Тау шабандозы», ал Олег Земляков — «Жас шабандоз» жейдесіне ие болды. Нәтижелерді есептегенде VINO 4-EVER командасы екінші орында. Бұл көшті Itera Katusha (РФ) бастады. Ал чехиялық Whirlpool Author үздік үштікті тұйықтады. 2015 жылғы UCI халықаралық рейтингі бойынша осы және өзге де жеңістер VINO4-EVER командасының 19-27 қыркүйекте Америкада өтетін әлем чемпионатына қатысуына мүмкіндік берді.

Басты сөздер: [Солтүстік Қазақстан облысы](http://inform.kz/kaz/searchtag/265) , [Спорт](http://inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vino-4-ever-velokluby-haly-araly-tour-of-bulgaria-velozharysynda-k-shbasshyly-ty-sa-tap-aldy-537477](https://yvision.kz/kk/post/vino-4-ever-velokluby-haly-araly-tour-of-bulgaria-velozharysynda-k-shbasshyly-ty-sa-tap-aldy-537477)