---
title: "Википедиядағы қазақша мақала саны 100 000-нан асты"
description: "Алақай! Әрине, бөрікті аспанға атуға әлі ертерек. Дегенмен, алар асуларды бажайлай отырып, қазіргі ..."
author: "wikibilim"
published: "2011-11-01T03:20:43+00:00"
modified: "2011-11-01T03:20:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vikipediyada-y-aza-sha-ma-ala-sany-100-000-nan-asty-202588"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vikipediyada-y-aza-sha-ma-ala-sany-100-000-nan-asty-202588/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Википедиядағы қазақша мақала саны 100 000-нан асты

> Алақай! Әрине, бөрікті аспанға атуға әлі ертерек. Дегенмен, алар асуларды бажайлай отырып, қазіргі ...

Алақай!

Әрине, бөрікті аспанға атуға әлі ертерек. Дегенмен, алар асуларды бажайлай отырып, қазіргі жетіп үлгерген жетістігіміз туралы да бөлісуді жөн санадық.

![Википедиядағы қазақша мақала саны 100 000-нан асты](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/wikibilim/l8XSR4i2e0aXH6bR3I5Tsozq3N3V9q.png)

2011 жылдың 2-қарашасы, сағат 10.30-да Алматы қаласындағы Қазақстандық Баспасөз Клубында (Самал-2 ықшамауданы, 58 үй, «СӘТТI» бизнесорталағы, 7-қабат) "Қазақша Википедия” жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз мәслихатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, "Қазконтент” АҚ-мы басқарма төрағасының орынбасары Владимир Тутыкин,"Қазақ энциклопедиясы” редакциясының басшысы Бауыржан Жақып, «WikiBilim” қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы және жобаға демеуші компаниялардың өкілдірі қатасады.

Бәріміз бірге атсалысайық, қызығушылық танытқандарды күтеміз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vikipediyada-y-aza-sha-ma-ala-sany-100-000-nan-asty-202588](https://yvision.kz/kk/post/vikipediyada-y-aza-sha-ma-ala-sany-100-000-nan-asty-202588)