---
title: "VIІ-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы «Қазақстан алға!» акциясын өткізді."
description: "БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ VIІ-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы 2011 жы..."
author: "rollan_kazakh"
published: "2011-01-21T03:58:11+00:00"
modified: "2011-01-21T03:58:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vii-shi-ys-y-aziya-oyyndaryny-bastamashyl-eriktiler-toby-aza-stan-al-a-akciyasyn-tkizdi-110775"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vii-shi-ys-y-aziya-oyyndaryny-bastamashyl-eriktiler-toby-aza-stan-al-a-akciyasyn-tkizdi-110775/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# VIІ-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы «Қазақстан алға!» акциясын өткізді.

> БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ VIІ-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы 2011 жы...

**БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ**

**VI****І-ші Қысқы Азия ойындарының бастамашыл еріктілер тобы 2011 жылғы 21 қаңтар сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің мәжіліс залында (оқу-тәжірибе ғимараты, Мұнайтпасов көш № 5) «Қазақстан алға!» акциясын өткізді.**

Акцияның мақсаты – өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, 7-ші Қысқы Азия ойындарының еріктілерін жігерлендіру, Қазақстандық еріктілер қозғалысының деңгейін көтеру болып табылады.

Акцияда ҚР білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбеков, «7-ші Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ-нің вице-президенті А.А. Қапақов, «Қазақстан жастар Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Ш.А.Байманов және Азия ойындарының еріктілері сөз сөйледі.

Іс-шара барысында еріктілер 7-ші Қысқы Азия ойындарының экипировкасың шеруі және «Азияда-2011» дайындығы туралы бейнероликтің көрсетілімін ұйымдастырды.

Шараға Астана қаласы ЖОО-ның ректорлары, мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар және 7-ші Қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты.

Іс-шараның әріптестері: ҚР білім және ғылым министрлігі, «Қазақстан жастар Конгресі» ЗТБ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университет және «7-ші Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясы» АҚ.

**Қазақстан жастар Конресінің**

**баспасөз қызметі**

**Тел: 8(7172) 39 18 45**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vii-shi-ys-y-aziya-oyyndaryny-bastamashyl-eriktiler-toby-aza-stan-al-a-akciyasyn-tkizdi-110775](https://yvision.kz/kk/post/vii-shi-ys-y-aziya-oyyndaryny-bastamashyl-eriktiler-toby-aza-stan-al-a-akciyasyn-tkizdi-110775)