---
title: "Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды"
description: "Оқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс. Бүгін ..."
author: "makala"
published: "2014-09-11T23:42:54+00:00"
modified: "2014-09-11T23:42:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vice-ministr-o-uly-tan-planshetke-k-shudi-oldaydy-429212"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vice-ministr-o-uly-tan-planshetke-k-shudi-oldaydy-429212/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды

> Оқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс. Бүгін ...

![Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды](http://baq.kz/foto/600_84c76f0cd3057f6413f64899da6f210a.jpg)

Оқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс. Бүгін Мәжілісте «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев осындай ұсыныс жасады. Тоқтала кететін жайт, таныстырылым барысында депутат Светлана Романовская еліміздің мектептерінде электрондық оқулықтар енгізу туралы пікірін вице-министрден сұраған. «Мен бұрыннан планшеттер мен электронды оқулықтарға көшудің уақыты келді деп санаймын. Менің кішкене балаларымның өзі мектепке толы чемоданмен барады. Ал оларға мектепте 2-3-ші қабаттарға көтерілуге тура келеді. Тіпті, отырып алып ойланасың, олар қалай көтеріледі? Сондықтан да, мен бұл мәселені әрқашанда қолдаймын. Осыны қашанда ілгерілете бермекпіз», - дейді А. Жұмағалиев. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/info/71-zhanalyktar/4010-bisse-ministr-okuliktan-planshetke-koshudy-koldaidy))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vice-ministr-o-uly-tan-planshetke-k-shudi-oldaydy-429212](https://yvision.kz/kk/post/vice-ministr-o-uly-tan-planshetke-k-shudi-oldaydy-429212)