---
title: "Ветеринарлық анықтама, сертификат және сараптама актісін беруді оңтайландыру қажет"
description: "2019 жылдың 25 ақпанында \"Ақжайық – адалдық алаңы\" жобалық кеңсесі аясында БҚО ауыл шаруашылығы басқ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-02-26T12:47:48+00:00"
modified: "2019-02-26T12:47:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/veterinarly-any-tama-sertifikat-zh-ne-saraptama-aktisin-berudi-o-taylandyru-azhet-827178"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/veterinarly-any-tama-sertifikat-zh-ne-saraptama-aktisin-berudi-o-taylandyru-azhet-827178/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ветеринарлық анықтама, сертификат және сараптама актісін беруді оңтайландыру қажет

> 2019 жылдың 25 ақпанында "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі аясында БҚО ауыл шаруашылығы басқ...

2019 жылдың 25 ақпанында "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі аясында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі, БҚО ветеринария басқармасы, Орал қаласының ветеринария бөлімі, "Орал қалалық ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында етті шығаруға қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мәселесі талқыланды.

Бүгінгі күні ветеринариялық анықтама, сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы етті экспорттау кезінде Орал қаласының әртүрлі бөліктерінде орналасқан 3 ұйымға жүгінуге мәжбүр, соның салдарынан аз емес қашықтықты (35-40 км) еңсеруге тура келеді.

Ветеринариялық анықтама, сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру мелмекеттік көрсетілетін қызметтерін оңтайландыру мақсатында бір терезе қағидатын іске асыру арқылы көрсету мүмкіндігі қарастырылды,(Орал қаласының ветеринария бөлімінің, "Орал қалалық ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ұжымдарын бір ғимаратқа орналастыру жоспарлануда).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/veterinarly-any-tama-sertifikat-zh-ne-saraptama-aktisin-berudi-o-taylandyru-azhet-827178](https://yvision.kz/kk/post/veterinarly-any-tama-sertifikat-zh-ne-saraptama-aktisin-berudi-o-taylandyru-azhet-827178)