---
title: "Венгрия «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы Хартиясына қосылды"
description: "2014 жылдың 3 маусымында Будапештте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаға..."
author: "ecogovkz"
published: "2014-06-04T06:12:38+00:00"
modified: "2014-06-04T06:12:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vengriya-zhasyl-k-pir-seriktestik-ba-darlamasy-hartiyasyna-osyldy-416218"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vengriya-zhasyl-k-pir-seriktestik-ba-darlamasy-hartiyasyna-osyldy-416218/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Венгрия «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы Хартиясына қосылды

> 2014 жылдың 3 маусымында Будапештте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаға...

2014 жылдың 3 маусымында Будапештте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық үкіметтік делегациясының ресми іссапары аясында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Венгрияның өңірлік даму министрі Шандо Фазекашпен кездесті.

Кездесу барысында қоршаған орта, бірлесіп экологиялық проблемаларды шешу және «жасыл» технологиялардың трансферті салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды.

Тараптар қазақстандық-венгриялық экономикалық ынтымақтастық шеңберінде табиғатты қорғау саласында жүргізіліп жатқан өзара әрекеттесудің жоғары әлеуетін атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысында Н. Қаппаров пен Ш. Фазекаш «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы Хартиясына қол қою рәсіміне қатысты. Венгрия «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының қатысушылары қатарына қосылған 11-ші мемлекет.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-28/](http://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fwww.eco.gov.kz%2Fnew2012%2FKK%2F2014%2F06%2F104-28%2F&post=172697143_1959)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vengriya-zhasyl-k-pir-seriktestik-ba-darlamasy-hartiyasyna-osyldy-416218](https://yvision.kz/kk/post/vengriya-zhasyl-k-pir-seriktestik-ba-darlamasy-hartiyasyna-osyldy-416218)