---
title: "Вена құжатының шеңберінде сенім шараларын бекіту"
description: "2013 жылғы 10-12 маусым аралығында АҚШ, Түркия және Италия инспекциялық топтары ЕҚЫҰ әскери-саяси өл..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-06-17T03:31:15+00:00"
modified: "2013-06-17T03:31:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vena-zhatyny-she-berinde-senim-sharalaryn-bekitu-357934"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vena-zhatyny-she-berinde-senim-sharalaryn-bekitu-357934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Вена құжатының шеңберінде сенім шараларын бекіту

> 2013 жылғы 10-12 маусым аралығында АҚШ, Түркия және Италия инспекциялық топтары ЕҚЫҰ әскери-саяси өл...

**

![Вена құжатының шеңберінде сенім шараларын бекіту](http://mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/17.06.2013/3.jpg)

2013 жылғы 10-12 маусым аралығында АҚШ, Түркия және Италия инспекциялық топтары ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшемінің шеңберіндегі Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерін тексерді.**

Инспекция Алматы, Талдықорған және Гвардия гарнизондарында өтті.

Аэромобиль әскерлері, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы және Әуе қорғанысы күштерінің өкілдері өз бөлімшелерінің мақсаты, құрылымы және күнделікті қызметтері туралы қысқаша брифингтер ұсынды.

Шетел әскери инспекторларына бөлімдердің негізгі техникасы мен қару-жарағының жаңа үлгілерімен, жеке құрамның оқу процесімен және күнделікті қызметімен танысуға мүмкіндік берілді.

Шетел бақылаушылары тексерген бөлімдер мен жеке құрамның кәсібилігінің жоғарғы деңгейде екендігін және Қазақстан ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшемі шеңберінде өзінің халықаралық міндеттемелерін толық орындап отырғандығын атап өтті.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vena-zhatyny-she-berinde-senim-sharalaryn-bekitu-357934](https://yvision.kz/kk/post/vena-zhatyny-she-berinde-senim-sharalaryn-bekitu-357934)