---
title: "Ватсап желісі арқылы ұялы телефонға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні судың жаппай өшетіні туралы хабарламалар таратылуда"
description: "«Павлодар-Водоканал» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі 14-ші тамыздан 15 тамызға қараған түні қала ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-12T23:32:17+00:00"
modified: "2015-08-12T23:32:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vatsap-zhelisi-ar-yly-yaly-telefon-a-osy-aydy-14-nen-15-ne-ara-an-t-ni-sudy-zhappay-shetini-turaly-h-529337"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vatsap-zhelisi-ar-yly-yaly-telefon-a-osy-aydy-14-nen-15-ne-ara-an-t-ni-sudy-zhappay-shetini-turaly-h-529337/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ватсап желісі арқылы ұялы телефонға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні судың жаппай өшетіні туралы хабарламалар таратылуда

> «Павлодар-Водоканал» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі 14-ші тамыздан 15 тамызға қараған түні қала ...

«Павлодар-Водоканал» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігі 14-ші тамыздан 15 тамызға қараған түні қала бойынша судың өшірілуі туралы таралған өсек-аянды жоққа шығарды.

![Ватсап желісі арқылы ұялы телефонға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні судың жаппай өшетіні туралы хабарламалар таратылуда](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/21y06DiKhoynJaB9C10TVV2TVT4Vig.png)

Ватсап желісі арқылы ұялы телефонға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні судың жаппай өшетіні туралы хабарламалар таратылуда. Ақпаратты таратқан адам бұндай жаңалық «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің сайтында жарияланғанын жеткізген. Ал аталмыш ұйымның басшылығы болса, бұл хабарландырудың жалған екенін алға тартуда. Себебі түгелдей бір қаланың суын өшіріп тастау мүмкін емес, -дейді. Тек 14-15 тамыз аралығында облыс орталығының кейбір көшелерінде суды жаңарту жоспарланған. Ал Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция учаскесіне өсек тарату бойынша ешқандай өтініш түспеген.

Айта кету керек, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР-ның ҚК бойынша жалған хабарлама таратқан азаматқа 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vatsap-zhelisi-ar-yly-yaly-telefon-a-osy-aydy-14-nen-15-ne-ara-an-t-ni-sudy-zhappay-shetini-turaly-h-529337](https://yvision.kz/kk/post/vatsap-zhelisi-ar-yly-yaly-telefon-a-osy-aydy-14-nen-15-ne-ara-an-t-ni-sudy-zhappay-shetini-turaly-h-529337)