---
title: "Вальс «Вальс, вальс, сұлу екен, бұл әлем»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Султонали Рахматов «Вальс» Бейнематериал авторы – А. ..."
author: "Aikosmuz"
published: "2014-06-07T06:26:49+00:00"
modified: "2014-06-07T06:33:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/vals-vals-vals-s-lu-eken-b-l-lem-416547"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/vals-vals-vals-s-lu-eken-b-l-lem-416547/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Вальс «Вальс, вальс, сұлу екен, бұл әлем»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Султонали Рахматов «Вальс» Бейнематериал авторы – А. ...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Султонали Рахматов «Вальс»**

**Бейнематериал авторы – А. Бахытбек, А. Ожебек «Вальс»**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

 
 
 

Вальс, вальс, сұлу екен, бұл әлем,

Әкетесің, айналдырып, үніңмен.

Үніңде, сезіледі, тек көктем,

Аласұртып, ұшырттың-ау, сезіммен.

 

Жұмбақ сезім, әсер алдым өзіңнен,

Тұрғандайсың, айналдырып, арманмен.

Ұмыттырып, қиялдарды, әкетесің үніңмен,

Тыңдай бергім келеді, қайтадан мен.

 

Қанат беріп, ұшырдың-ау, көңілімді,

Бар сезімді, үйып – төгіп, аямай.

Жеткізе алсам, айтар едім, сөзімді,

Әсем үніңді, жырлай беріп, тоқтамай.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/vals-vals-vals-s-lu-eken-b-l-lem-416547](https://yvision.kz/kk/post/vals-vals-vals-s-lu-eken-b-l-lem-416547)