---
title: "В.Лоссерталес: ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды"
description: "ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды, деді Халықарал..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-14T21:54:00+00:00"
modified: "2016-09-30T03:22:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/v-lossertales-ekspo-2017-atysushy-elderi-azan-ayynda-astanada-y-k-rme-pavilonyn-toltyra-bastaydy-713621"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/v-lossertales-ekspo-2017-atysushy-elderi-azan-ayynda-astanada-y-k-rme-pavilonyn-toltyra-bastaydy-713621/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# В.Лоссерталес: ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды

> ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды, деді Халықарал...

ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды, деді Халықаралық көрмелер бюросының хатшысы Висенте Лоссерталес.

![В.Лоссерталес: ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/5hFn6G46XtjoeHF51gj57wbzX3X5fG.jpg)

«Мен ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының құрылысынан үлкен әсер алдым. Барлық жұмыстар аяқталуға жақын екен: қатысушы елдер мен Қазақстанның павильондары. ЭКСПО-2017 қатысушы елдері қазан айында Астанадағы көрме павильонын толтыра бастайды», - деді В.Лоссерталес көрменің дайындығына арналған баспасөз мәслихатында.

Ол айтып өткендей, халықаралық қатысушыларды тарту бойынша барлық мақсат орындалды. Өз қатысуын 103 ел растады. Бұл тізім әлі бірқатар елмен толығады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/v-lossertales-ekspo-2017-atysushy-elderi-azan-ayynda-astanada-y-k-rme-pavilonyn-toltyra-bastaydy-713621](https://yvision.kz/kk/post/v-lossertales-ekspo-2017-atysushy-elderi-azan-ayynda-astanada-y-k-rme-pavilonyn-toltyra-bastaydy-713621)