---
title: "UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар"
description: "Грек-рим стиліндегі күрестен жаңартылған UWW әлемдік палуандар рейтингі жария болды. Рейтинг тізім..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-13T04:42:17+00:00"
modified: "2015-07-13T04:42:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/uww-lemdik-paluandar-reytinginde-6-aza-standy-ty-esimi-bar-521265"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/uww-lemdik-paluandar-reytinginde-6-aza-standy-ty-esimi-bar-521265/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар

> Грек-рим стиліндегі күрестен жаңартылған UWW әлемдік палуандар рейтингі жария болды. Рейтинг тізім...

[!\[UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150713020832-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150713020832.jpg)

Грек-рим стиліндегі күрестен жаңартылған UWW әлемдік палуандар рейтингі жария болды.

Рейтинг тізімінде алты қазақстандықтың есімі жазылған, деп хабарлайды baistars.kz.

59 келіде өнер көрсететін Алмат Кебіспаев — 19-шы орында. Демеу Жадырәлиев (66 келі) — 12-ші орында және тағы бір осы салмақ өкілі Айбек Еңсеханов — 17-ші орында.

Ал Асхат Ділмұхамедов (80 келі) - 14-ші орында болса, 85 келіде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов 19-шы орында.

Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш аса ауыр салмақта күресіп жүрген Нұрмахан Тінәлиевтің еншісінде. Ол 5-ші орында тұр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/uww-lemdik-paluandar-reytinginde-6-aza-standy-ty-esimi-bar-521265](https://yvision.kz/kk/post/uww-lemdik-paluandar-reytinginde-6-aza-standy-ty-esimi-bar-521265)