---
title: "USAID Қазақстандағы \"жалған ақпаратқа қарсы күреске\" 4,5 млн доллар бөлген - Ақ үй"
description: "Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігінің тиімсіз шығындарын жариялап, Қазақстанды да атап өтті, деп хабарлайды ..."
author: "journalist_n"
published: "2025-02-06T06:55:47+00:00"
modified: "2025-02-06T06:55:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/usaid-kazakstandagy-zhalgan-akparatka-karsy-kureske-4-5-mln-dollar-bolgen-ak-uy-1012367"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/usaid-kazakstandagy-zhalgan-akparatka-karsy-kureske-4-5-mln-dollar-bolgen-ak-uy-1012367/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# USAID Қазақстандағы "жалған ақпаратқа қарсы күреске" 4,5 млн доллар бөлген - Ақ үй

> Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігінің тиімсіз шығындарын жариялап, Қазақстанды да атап өтті, деп хабарлайды ...

**Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігінің тиімсіз шығындарын жариялап, Қазақстанды да атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. **

Каролин Левитт АҚШ-тың бұған дейінгі әкімшілігін айыптап, Ақ үйдің кейбір ессіз шығындары туралы айтты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/52e9c206f19f2750fb5a998fc1c96c25.webp?width=1200&height=675)

Мысалы Гватемаладағы "жыныс ауыстыру" бағдарламасына 2 миллион доллар жұмсалған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов та сөз қозғап, қоғамға жат әсері бар бағдарламаларды тексеруге шақырды. Себебі оның айтуынша, 2022-2025 жылдары USAID Орталық Азияда адам құқықтары мен теңдікті нығайтуға $2 млн бөлген. Ол бұл бағдарламаның атқарушысы Еуропалық халықаралық лесби, гей, бисексуал, трансгендер және интерсекс қауымдастығы екенін мәлімдеді.

> Ал Қазақстандағы "жалған ақпаратқа қарсы күреске" 4,5 миллион доллар бөлінді, - деді Левитт.

Айта кетейік, 5 ақпанда USAID бүкіл әлем бойынша қызметкерлерін әкімшілік демалысқа жіберетінін хабарлады. Ал бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) басшылығында алдағы отставкалар болатынын мәлімдеген еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/usaid-kazakstandagy-zhalgan-akparatka-karsy-kureske-4-5-mln-dollar-bolgen-ak-uy-1012367](https://yvision.kz/kk/post/usaid-kazakstandagy-zhalgan-akparatka-karsy-kureske-4-5-mln-dollar-bolgen-ak-uy-1012367)