---
title: "Университет жемқорлықтан тыс"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-11T01:58:03+00:00"
modified: "2015-12-11T01:58:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/universitet-zhem-orly-tan-tys-667272"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/universitet-zhem-orly-tan-tys-667272/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Университет жемқорлықтан тыс

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және *сыбайлас* жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың шығуы: ұлттық таным және ментальды мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біздің арамызда немқұрайлылық болмауы тиіс. Ең бастысы біздің студент жастарымыз бен ұжымымыз құқық бұзушылық көріністері орын алған жағдайда мүлдем төзбеушілік таныта алады. Сонымен қатар, Британдық «QS» агенттігінің рейтингісіне сәйкес ҚазҰУ әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттер арасынан 275 орынға көтеріліп, ТМД-да 3 орынға ие болғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды реформасын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, университеттермен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе жұмыстар жүргізу мен ғалымдардың дайындаған білім жүйесіндегі өзекті ұсыныстарының маңыздылығына тоқталды.

ҚазҰУ-дың проректоры, профессор Шолпан Жаманбалаева «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі «Университет сыбайлас жемқорлықтан тыс», Заң факультетінің деканы Даулет Байделдинов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жемқорлыққа қарсы маңызды бағыт ретінде», педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Болатбаева «Университеттік ортада жемқорлыққа қарсы қағидаларды қалыптастыру», заң ғылымдарының кандидаты Орынбасар Тілепбергенов «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тоқтамайды», психология ғылымдарының кандидаты Жарас Сейітнұрұлы «Жемқорлықтың әлеуметтік-психологиялық себептері және оны шешу жолдары» тақырыптарында баяндамалар жасалды.

Конференция барысында барлық қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерге байланысты түрлі пікірлер білдірді. Сондай-ақ, қатысушылар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып, қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

![Университет жемқорлықтан тыс](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/lq92w5CN13TFOGiRiOl3EAyJUb0p70.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/universitet-zhem-orly-tan-tys-667272](https://yvision.kz/kk/post/universitet-zhem-orly-tan-tys-667272)