---
title: "Ұлытау облысында жылу беру маусымы қалыпты деңгейде"
description: "Биыл өңірде 47,8 шақырым жылу желілеріне толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 60%-дан 56,1%-ға дейін аз..."
author: "journalist_n"
published: "2025-12-17T09:58:57+00:00"
modified: "2025-12-17T09:58:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ulytau-oblysynda-zhylu-beru-mausymy-kalypty-dengeyde-1019015"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ulytau-oblysynda-zhylu-beru-mausymy-kalypty-dengeyde-1019015/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлытау облысында жылу беру маусымы қалыпты деңгейде

> Биыл өңірде 47,8 шақырым жылу желілеріне толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 60%-дан 56,1%-ға дейін аз...

**Биыл өңірде 47,8 шақырым жылу желілеріне толықтай жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 60%-дан 56,1%-ға дейін азайды.** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/ccdea3d62577a6422501b807db602df4.jpg?width=1080&height=720) Жалпы Ұлытау облысы енді құрылған жылдары Жезқазған жылу электр орталығы қысқы маусымға 4 қазандықпен кірген болса, биылғы маусым 6 қазандықпен басталды. Бұл – соңғы үш жылда ЖЭО-да атқарылған күрделі жөндеулер мен ауқымды жаңғырту жұмыстарының нәтижесі. Қазіргі таңда қысқы кезең қалыпты өтуде.Одан бөлек, Сәтбаев қалаларында биыл 2.4 шақырым екі жылу желісі жаңартылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ulytau-oblysynda-zhylu-beru-mausymy-kalypty-dengeyde-1019015](https://yvision.kz/kk/post/ulytau-oblysynda-zhylu-beru-mausymy-kalypty-dengeyde-1019015)