---
title: "Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған \"Ulytau Go\" жастар лагері өтуде"
description: "Лагерьге Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан жас кәсіпкерлер, волонтерлер, жұмысшы жастар және қоғамд..."
author: "journalist_n"
published: "2025-08-28T07:18:23+00:00"
modified: "2025-08-28T07:18:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ulytau-oblysynda-belsendi-zhastarga-arnalgan-ulytau-go-zhastar-lageri-otude-1016742"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ulytau-oblysynda-belsendi-zhastarga-arnalgan-ulytau-go-zhastar-lageri-otude-1016742/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған "Ulytau Go" жастар лагері өтуде

> Лагерьге Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан жас кәсіпкерлер, волонтерлер, жұмысшы жастар және қоғамд...

Лагерьге Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан жас кәсіпкерлер, волонтерлер, жұмысшы жастар және қоғамдық белсенділер қатысуда.

![Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған "Ulytau Go" жастар лагері өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/f322bffc3add48564e4b1b62c9cdcfb2.jpg?width=1600&height=1066)

Үш күнге жоспарланған бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, кәсіби бағытын айқындауға және жаңа ортада тәжірибе алмасуына бағытталған. Лагерь барысында:«Жеке бренд қалыптастыру»,«Мобилография ерекшелігі»,«СММ» тақырыптарында семинар-тренингтер,сондай-ақ спорттық жарыстар мен қазақ тіліндегі интеллектуалды «ТезТап» ойыны өтеді.

![Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған "Ulytau Go" жастар лагері өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/8e8446f56720f28eef37f809c7574ff8.jpg?width=1600&height=1066)

Жастар лагерьдің үшінші күні тарихи орынға — Жошы хан кесенесіне саяхат жасап, Ұлытаудың рухани-мәдени мұрасымен танысады."Ulytau Go" лагері – жастардың жаңа идеяларын іске асыруға, көшбасшылық қабілетін дамытуға және өңірдің белсенді жас буынын біріктіруге арналған маңызды алаң.

![Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған "Ulytau Go" жастар лагері өтуде](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/64aeb81a01de9efb396dea5f44d14252.jpg?width=1066&height=1600)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ulytau-oblysynda-belsendi-zhastarga-arnalgan-ulytau-go-zhastar-lageri-otude-1016742](https://yvision.kz/kk/post/ulytau-oblysynda-belsendi-zhastarga-arnalgan-ulytau-go-zhastar-lageri-otude-1016742)