---
title: "Әуеспоттер дегеніміз кім?"
description: "Мүмкін біреуіңіз Алматыдан Лондонға, Амстердамға немесе жер жүзінің қандай да басқа қаласына сапар ..."
author: "AidynFlight"
published: "2014-02-02T10:17:18+00:00"
modified: "2014-11-29T00:59:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/uespotter-degenimiz-kim-394280"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/uespotter-degenimiz-kim-394280/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әуеспоттер дегеніміз кім?

> Мүмкін біреуіңіз Алматыдан Лондонға, Амстердамға немесе жер жүзінің қандай да басқа қаласына сапар ...

Мүмкін біреуіңіз Алматыдан Лондонға, Амстердамға немесе жер жүзінің қандай да басқа қаласына сапар шеккенде, ұшақпен жерге жақын қалғанда, элюминатордан біршама бейнекамерамен тұрған адамдарды байқаған боларсыз, олар – әуеспоттерлер. Ондай споттерлер біздің Алматы қаламызда да бар. Оның біреуі – мен.

![Алматы Споттинг Клуб споттерлері жұмыс барысында](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/aRBu8S32140onGUp6tSFBPCA9zAMW0.jpg)

Алматы споттерлері. Сурет авторы Юлия Кривцова.

![Цюрих әуежайында споттерлерге жағдай жасалған](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/FP66P0Lp27bcb3qGc3M7s0tVE0DeX3.jpg)

Цюрих әуежайында споттерлерге жағдай жасалған. Сурет авторы Вячеслав Фирсов.

![Әттең бәріне орын жетер емес](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/cRg5hoooru5XVB2JH9qVaoKVUfL6HT.jpg) Әттең бәріне орын жетер емес. Сурет авторы Вячеслав Фирсов.

Споттинг, ағылшын spot сөзінен – «көрү», «анықтау» деген мағынаны білдіреді. Әуе споттинг – ұшақтардың тірке нөмерін жазып алып, олардын тізілімін жүргізу, кейінгі кездері бейне камераға суретке түсірумен қоса жүреді. Споттерге әуе кеменің үлгісін және бүйір нөмерін байқау – маңызды болып табылады. Батыс елдерде кейбір споттерлер тіпті споттингке бейнекамерасыз шығады, олар әуе кеменің бүйір нөмерін, үлгісін және қай жерде, қай уақытта көргенің жазумен шектелген.

Мен споттингке қалай келдім деп сұрасаныз, ұшаққа қызықпаған бала жоқ шығар. Мен де соның бірімін. Сонымен қатар бейнесүретке де қызығушылығым бар еді. Сәті келіп 2012 жылдың аяғында бейне камера сатып алдым. Ал, бейнекамера бар, әуежайға жөнелдім. Жылдамдығы 250 шақырыммен ұшып баражатқан ұшақты түсіру оңай болмады. «Ағып тұрған су тасты жарады» дегендей, қолым тиген сайын әуежайға барып тұрдым. Қазіргі кезде суреттерімді әлем сайттарынан байқауға болады. [http://www.airliners.net/search/photo.search?photographersearch=Aidyn%20Iskakov%20-%20Almaty%20Spotting%20Club&distinct_entry=true](http://www.planespotters.net/Aviation_Photos/search.php?tag=Aidyn+Iskakov+-+Almaty+Spotting+Club)

[http://www.planespotters.net/Aviation_Photos/search.php?tag=Aidyn+Iskakov+-+Almaty+Spotting+Club](http://www.airliners.net/search/photo.search?photographersearch=Aidyn%20Iskakov%20-%20Almaty%20Spotting%20Club&distinct_entry=true)

Алматы Халықаралық әуежайға тоқтасақ, орналасуы азияның қақ ортасы. Еуропадан шығыс азия елдеріне есік десек артық болмас. Алматы Халықаралық Әуежайына дүние жүзінен жүктасымалдайтын ұшақтар қонып жатуы әбден ықтимал. Атлас Эйр, Туркиш Карго, Люфтганза Карголюкс, Силквэй, Этихат, Эмирэйтс, ЮПИЭС сияқты басқа да әуетасымал компанияларының ұшақтары байқалады. Тіпті әлемдегі ең үлкен және 1 данадағы Антонов 225 «Мрия» жанармай толтыруға қонып жатады.

![UPS McDonnell Douglas MD-11F](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/a44V3r7fLoQ41RFoz22hc7lQ1t7GR8.jpg) UPS. McDonnell Douglas MD11F

![Etihat Cargo Boeing 777](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/D0xYtPimXrIz9R5k3rUJ5qnrPEW3U0.jpg)

Etihad Cargo Boeing 777-FFX

![MAS CARGO Airbus A330-223F](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/Di2SRJHjjjGGTml9Z65sIuM6P68eDJ.jpg)

MAS CARGO Airbus A330-223F

![Cargolux Boeing 747](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/7Nvh5xYrWLqFn94sLJYSMs8X1vzjQO.jpg)

Cargolux Boeing 747

![Atlas Air Boeing 747](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/3dBQY0I9s9QXRou27Lfw47eYD44ToF.jpg)

Atlas Air Boeing 747

![Lufthansa Cargo McDonnell douglas MD11F](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/2UdHQM0M3IG8ovXRIL9OXG342X2CQx.jpg)

Lufthansa Cargo McDonnell douglas MD11F

![Turcish Cargo Airbus A330](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/1sphcsLQh0Z23F3F8eOYgXP4xtY54O.jpg) Turcish Cargo Airbus A330 ![SilkWay Boeing767](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/SpNXofY1G46UHIKbkbsPxft9TLrzZG.jpg) SilkWay Boeing767 ![Emirates Sky Cargo Boeing 747](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/RDh5Ol72n3hqo4kk6Gthu3Q86ZS3tD.jpg) Emirates Sky Cargo Boeing 747

![Antonov 225 Мріа](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/LyzBgQjb4TBso5twZxqPj5der3knIQ.jpg) Антонов 225. "Мрия"

Өздеріңіз байқағандай әлемде ұшақтар арасында топты Airbus және Boeing бастап келеді. Біздің әуе аямызда да топты бастаған осы екеуі.

**Boeing 767-300ER ** Кеңфюзеляжды орта және ұзақ қашықтыққа ұшуға арналған ұшақ. Екі үнемді реактивтік қозғалтқышы бар ұшақ құрылуы 1978 басталды. Боинг 767-300ER өзінің ізашар бауырына қарағанда фюзеляжі 6,5 метрге ұзын. Соның саласынан адам басы 22 пайызға (шамамен 40 адамға) және тасымалдайтын жүк көлемі 31 пайызға ал ұшу қашықтығы 1900шақырымға ұлғайды. Бұның бәрі Боинг 767нің кеңінен тараған түрі болып шықты.

![AirAstana Boeing 767-300ER](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/RZD55Fjc07TcSRPKfS71b0eeggW7nr.jpg)

AirAstana Boeing 767-300ER ![BritishAirways Boeing 767](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/v6NN4IrY6tYa1xmyg1r5kHGiKF2jX9.jpg) BritishAirways Boeing 767 ![AirAstana Boeing 767-300ER](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/NLy5cVE7Ff4ca0f3pVEZFfFEZa0y4v.jpg) AirAstana Boeing 767-300

**Boeing 757-200**

Орта қашықтыққа ұшуға арнаған ұшақ. Бұл ескірген Боинг727 орнына шығарылған болған. Бұл ұшақ түрі Боинг компаниясымен шығарылған ұшақтардын айрықше сәтті ұшақтарына жатады. Боинг 757 1982ж бастап 2005жылға дейін шығарылған. Боинг757-200, 757 топтамасының ең таралған түрі.

![AirAstana Boeing 757-200](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/rZ4Tr6wr4hmSm54V3FOHo6Vw2XzbWp.jpg) AirAstana Boeing 757-200 ![AirAstana Boeing 757-200](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/80eMgrPg2SyXXgQG5T7KPFSs3Bs4o7.jpg)

AirAstana Boeing 757-200

![Sunday Airlines Boeing 757-200](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/oTjdbAZ2H58U6ENlG6fzQOT776h3Hu.jpg) Sunday Airlines Boeing 757-200

**Airbus A319 A320 A321**

Жақын және орта қашықтыққа ұшуға арналған әуекемелер топтамасы. Бұл дүниежүзінде электрлікқашықтықта басқару жүйесімен жабдықталған ұшақ. 1988 жылдан бастап шығарылады. Бұл ұшақтар бір бірінен тек фюзеляж ұзындығымен ерекшеленеді. Оның салдарынан адам басы, ұшу қашықтықғы, жүк көлемі де ерекшеленеді. А 319-100 – адам басы 116/156, ұшу қашықтығы – 6850шықырым, ұзындығы 33,84 метр А 320-100/200 – адам басы 140/180, ұшу қашықтығы – 6150 шақырым, ұзындығы 37,57 метр А 321-100/200 – адам басы 170/220, ұшу қашықтығы – 5950 шақырым, ұзындығы 44,51 метр

![AirAStana Airbus A319](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/LfX56hG12sfz45qafSbwaCYOhsxOiD.jpg)

AirAstana Airbus A319

![Air Astana Airbus A320](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/M2qKT8Y8FU8qv92dfXUf7h2gWXxPVZ.jpg) Air Astana Airbus A320

![Air Astana Airbus A321](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/736kg0JR8Tj3SERvPOXKA41WQMTh0C.jpg) Air Astana Airbus A321

**Embraer E-jet190/195**

Екі турбореактивті қозғалтқышы бар, орта қашықтыққа ұшуға арнылған ұшақ. Бұл Бразилиялық Embraer компаниясымен 2002жылдан бастап шығарылады.Е190 Адам басы 98/114, ұшу қашықтығы – 4260шақырым, ұзындығы 36,24. Е195 адам басы 108/124, ұшу қашықтығы 3350 шақырым, ұзындығы 38,65метр. Жылдамдығы 890шс ұшу биіктігі 12500метрге дейін.

![Air Astana Embraer E-190](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/T8e8pQ9Fxxc36jyygkMc2szxWMy0Zc.jpg) Air Astana Embraer E-190

![Air Astana Embraer E-190](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/6yyynz0xy87rV19kt07jc5M8T8c0O1.jpg) Air Astana Embraer E-190

**Boeing 737**

Boeing 737 Әлемдегі кеңінен таралған реактивті жолаушылар таситын ұшақ. Boeing 737 жолаушылар таситын әлем әуе тарихындағы жаппай шығарыл ған ұшақ. 2013 жыл аяғына барлығы 7800 ұшақ шығарылып, 3000 тапсырым әлі өндіруде. Ұшақ Boeing компаниясымен 1967 жылдан бастап шығарылады. Boeing 737 кеңінен тарағаны соңша, кезкелген уақыт кезеңінде, аспанда орташа шамамен 1200 ұшақ ұшуда, және әрбір 5 секунд сайын әлемде boeing 737 1 данасы ұшып, қонуда. Boeing 737 – оннан астам ұшақтын жалпы атауы. Boeing 737 төрт топтамаға бөлінеді, Boeing 737Original – Boeing 737-100/200. Boeing 737 Classic – Boeing 737-300/400/500. Boeing 737 Next Generation – Boeing 737-600/700/800/900/900-ER. Boeing 737 MAX.

**Boeing 737-300** Boeing 737 Classic – топ бастаушысы. boeing 737-200 қарағанда фюзеляжы 3 метрге ұзын, 33,25м. 1984 жылдың 24 ақпанда алғашқы рет ұшты. Адам басы 149, Жылдамдығы – 807шс, ұшу қашықтығы – 5000м.

![SACT Boeing 737-300](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/qL4V7Tedtf8QK0Pulg6UkcVY1zxfW0.jpg) SACT Boeing 737-300

![SACT Boeing 737-300](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/1uEXcT8qeDdxP1IFcG6P2BUWsf5929.jpg) SCAT Boeing 737-300. Сурет авторы Руслан Тимербаев.

**Boeing 737-500**, 2 метірге қысқарған boeing – 737-300 түрі болып табылады. Есесіне ұшу қашықтығы ұлғайды. Адам басы 132, жылдамдығы 807шс, ұшу қашықтығы 5200м.

![SACT Boeing 737-500](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/dmW1k5u7xAcVD45omXXQ6f430Jcpho.jpg) SCAT Boeing 737-500

**Bombardier Canadair Regional Jet (CRJ)** – жергілікті адам таситын ұшақтар топтамасы. 1995 жылы табысты CRJ 100 жақсартылып CRJ-200 жарық көрді. Оған үнемді қозғалтықштар қойылды, қыйн метеорологиялық жағдайға жарамды және биік таулы аэродромдарда қолдануға жарамды, 50 жолаушы тасымалдайтын ұшақ. Экипаж 2 пилот адам басы 50 жылдамдығы 860шс ұзындығы 26,77м ұшу қашықтығы 2700шақырым

![CRJ-200 Scat](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/pC35I5nL821eB6Hr44nZGpg8E8G53m.jpg) SCAT Bombardier CRJ-200

![Scat CRJ200](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/3qUcPsHZTl4dwTNcqW3Vc3y0X7iVce.jpg) SCAT Bombardier CRJ-200

**Canadair CRJ-700** – 1999 жылды мамырдың 27де алғашқы рет ұшты. Бұл CRJ – 200 ге қарағанда фюзеляжы ұзартылған түру. Сонымен қатар адам басы 50ден 70ке ұлғайтылды. Экипаж 2 пилот адам басы 70 жылдамдығы 875шс ұзындығы 32,51м ұшу қашықтығы 2700шақырым

![CRJ-700](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/SVj0BkZ5yc1AQFFwXtK7VBoAbT00Gu.jpg) CRJ-700. Сурет авторы Руслан Тимербаев

![CRJ-700](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/Apfwugsb0M3uPvM971K915DYt22Qck.jpg)

**Антонов 24** – қысқа және орта қашықтыққа арналған жергілікті турбовинтті ұшақ. Алғашқы рет аспанға 1959 жылы көтерілді. Ұшу қашықтығы 2000ш, жылдамдығы 450шс, адам басы 48/52. 1960 жылдан бастам әлі күнге дейін пайдалануда. 1200 ден астам данасы шығырылды.

![SCAT AN24B](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/K90l4IxQ9oCsyOtZjsIHt339iF9VBr.jpg) SCAT AN24B

**Fokker 100** Fokker 100 орта қашықтыққа ұшуға арналған ұшақ. Пайдалану шығыны төмен және бұл класста бәсекелестін болмау 1980 жылдары бұл ұшаққа сұраныс жоғары болды. 283 данасы шығарылды. Экипаж 2 пилот адам басы 85/112 жылдамдығы 845шс ұзындығы 35,53м Ұшу қашықтығы 3111ш ![BekAir Fokker 100](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/QNU3qk9RJ7HqI459S1dLI3Gk6ioHkw.jpg) BekAir Fokker 100

![BekAir Fokker 100](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/VoKQkfjHLHgMK6d52A6f92c8X7WMhf.jpg) BekAir Fokker 100

![BekAir Fokker 100](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/PswsSC8m0IyZwoTPLLbwd7N97oy5xZ.jpg) BekAir Fokker 100

Тоқетері, қуанышқа орай біздің авиациямыз қарқынды дамып келеді. Әуе компаниялар өз меншігіне ұшақтар алып, жаңа бағыттарға жол ашуда. Еліміз тыныш аспанымыз ашық болсын ағайын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/uespotter-degenimiz-kim-394280](https://yvision.kz/kk/post/uespotter-degenimiz-kim-394280)