---
title: "УЕФА Чемпиондар Лигасы: «Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды"
description: "УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында өз алаңында «Астананы» қабылдаған Португалиян..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-09-16T03:06:56+00:00"
modified: "2015-09-16T03:06:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/uefa-chempiondar-ligasy-astana-benfikadan-0-2-esebimen-tyldy-541274"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/uefa-chempiondar-ligasy-astana-benfikadan-0-2-esebimen-tyldy-541274/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# УЕФА Чемпиондар Лигасы: «Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды

> УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында өз алаңында «Астананы» қабылдаған Португалиян...

[!\[УЕФА Чемпиондар Лигасы: «Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150916024307-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150916024307.jpg)

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында өз алаңында «Астананы» қабылдаған Португалияның «Бенфика» командасы 2:0 есебімен басым түсті.

Бірінші голдың авторы Гайтан болса, екінші допты Митроглу дəлдеді. «Астана» топтық кезеңде енді «Астана-Арена» стадионында түркиялық «Галатасарай» командасына қарсы ойнайды. Ал «Астананың» «Бенфикаға» қарсы қарымта матчы қашан өтетін əлі белгісіз.

Айта кетейік, «Астана» командасы бүгін мына негізгі құрамда ойын көрсетті: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков, Кетевоама, Каньяс, Джолчиев, Кабананга.

«Бенфика» командасында Жулио Сезар, Луизао, Элизеу, Жардел, Семеду, Самарис, Гайтан, Митроглу, Жонас, Гонсалу Гедеш, Талиска ойнайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/uefa-chempiondar-ligasy-astana-benfikadan-0-2-esebimen-tyldy-541274](https://yvision.kz/kk/post/uefa-chempiondar-ligasy-astana-benfikadan-0-2-esebimen-tyldy-541274)